14.04.2021, 18:12 7754

Ashyq қосымшасын енгізу: кинотеатрлар мен караоке Қазақстанда жұмысын қайта бастайды

НҰР-СҰЛТАН. 14 СӘУІР - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 "Кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы" Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мынадай кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" пилоттық жобасын іске асыру жалғастырылады:

1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2) спа-орталықтары;

3) сауналар, бассейндер;

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);

5) боулинг клубтары.

Республика аумағында "Ashyq" жобасына қатысушыларды кеңейту мақсатында мыналарды жобаға енгізуге рұқсат етіледі:

- бірінші кезеңде 2021 жылғы 14 сәуірден бастап:

1) кинотеатрлар;

2) театрлар және филармониялар;

3) банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;

4) ерікті қатысушылар;

- екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:

1) облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар;

2) бильярд клубтары;

3) концерт залдары;

- үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап:

1) караоке;

2) жасыл аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр).

2021 жылғы 26 сәуірден бастап кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" пилоттық жобасын іске асыру аяқталады және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде жоба таратылады.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны