10.06.2014, 20:55 2729

Астана - Щучинск магистралі 2016 жылға қарай заманауи пункттермен қамтамасыз етіледі

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, ЭКСПО-2017 өткізу уақытындағы турист ағымына Астана-Бурабай автомагистралін дайындауға байланысты Ақмола облысының магистраль өтетін бес ауданы кәсіпкерлері жол бойы сервисі нысандарын құру бастамасын көтеріп отыр.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Астана - Щучинск магистралі 2016 жылға қарай жол бойы қызметінің заманауи пункттерімен қамтамасыз етіледі.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, ЭКСПО-2017 өткізу уақытындағы турист ағымына Астана-Бурабай автомагистралін дайындауға байланысты Ақмола облысының магистраль өтетін бес ауданы кәсіпкерлері жол бойы сервисі нысандарын құру бастамасын көтеріп отыр.

Осыған орай Ақмола облысы туризм басқармасы ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп жоғарыда аталған нысандарды жол бойына салу үшін орын таңдау жұымстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі аталмыш жобаларды іске асыруға кедергі келтіріп отырған жол бойы сервисі нысандары үшін мемлекеттік стандарт дайындау мен қабылдау жұмыстарын жеделдету мәселесін көтерді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны