28.10.2022, 13:06 27816

Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтуде

Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтуде
Сурет: https://t.me/KZgovernment
Астана. 28 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - 28 қазан, жұма күні, Астана қаласында ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтуде, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 

Оған Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Тәжікстан Үкіметі басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысуда", - деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

 
Естеріңізге сала кетейік, 14 қазанда Астанада ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны