17.11.2022, 19:55 11831

Астанадағы өрт: Президент өрт сөндірушілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Астанадағы өрт: Президент өрт сөндірушілерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Астана. 17 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт кезінде ерлік көрсетіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалған елордалық өрт сөндірушілерді ҚР-ның мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін наградталды:
 
  • I дәрежелі "Айбын" орденімен - Забикулин Асқар Серікұлы - Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру жәнеавариялық-құтқару жұмыстарықызметі жедел кезекшісінің көмекшісі;
  • III дәрежелі "Айбын" орденімен - Кемпіров Аян Алматұлы - Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
 
Естеріңізге сала кетейік, 16 қарашада Астанада өрт сөндірушілер Момышұлы даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйдегі жанып жатқан пәтерден бес адамды құтқарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны