06.12.2023, 17:34 44161

Атырауда жол қауіпсіздігіне қатысты жоба дайындаған мектеп оқушылары марапатталды

Ғылыми жобаларыңызды ары қарай дамыту үшін жергілікті полиция басқармасы ақпараттық, тәжірибелік қолдау көрсетеді
Атырау облысының полицейі жол қауіпсіздігіне қатысты жоба дайындаған жас ғалымдар мен жетекшісін марапаттады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласындағы №41 "Зияткер" мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары Азамат Тельманұлы мен Дарын Тілекқабыл "ABAY GYLYM FEST" ауқымды ғылыми фестивалінде жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған жобаларын таныстырған. Қоғамның маңызды мәселелеріне бейжәй қарамай, өз білімдерін осы бағытқа бұрған оқушылардың бастамасына оң баға берген өңірдің бас полицейі Нұрхат Оразбаев бүгін оқушылар мен олардың жетекші мұғалімімен кездесіп, алғыс хаттармен марапаттады.

Атырау облысының полицейлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үнемі профилактикалық іс-шараларды үздіксіз жүргізіп келеді. Сіздердің осындай жобаларыңыз тәртіп сақшыларының кездесулері мен таратқан ақпараттарының нәтижесі деп қуанып отырмыз. Сендерден үлгі алатын өздерің секілді оқушылар көп болсын. Ғылыми жобаларыңызды ары қарай дамыту үшін жергілікті полиция басқармасы ақпараттық, тәжірибелік қолдау көрсетеді. Осындай ынталы оқушыларды жол қозғалысының жас инспекторлары етіп тануға ұсыныс береміз", - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны