03.06.2022, 14:09 21911

"Қазақавтожолдың" бас директоры тағайындалды

"Қазақавтожол" ЖШС бас директорының қызметіне Ғилымов Самат Қуанышұлы тағайындалды.
"Қазақавтожолдың" бас директоры тағайындалды
Сурет: kazavtodor.kz
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАУСЫМ - "Қазақавтожол" ЖШС бас директорының қызметіне Ғилымов Самат Қуанышұлы тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақавтожол" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Самат Қуанышұлы еңбек жолын Қосшағыл Гурьев облысы совхозының қарапайым слесарінің қызметінен бастаған.
 
Әр жылдары өндірістік және мемлекеттік салада басқарушы қызметтерді атқарды, соның ішінде Қазақстан Республикасының салық полициясының органдарында қызмет, "Қазмұнайгаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның "Ембімұнайгаз" филиалының аппарат басшысы-директор орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша: инспекцияның басшысы, "Каспий" ауданаралық көліктік бақылау инспекциясының бастығы және Көліктік бақылау комитетінің басшысы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасының орынбасары қызметтерінде болды.
 
Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны