10.02.2022, 19:31 48786

Қазақстан мен Ресей – Құдай қосқан көршілер – Тоқаев

Қазақстан мен Ресей – Құдай қосқан көршілер – Тоқаев
Сурет: kremlin.ru
МӘСКЕУ. 10 АҚПАН - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуінде Қазақстан мен Ресейді "Құдай қосқан көршілер" деп атады.
 

Қазақстан мен Ресей Құдай қосқан көршілер, бұл туралы талай рет айтқанбыз. Бізде әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы бар. Ал достық, ынтымақтастық және басқа да қарым-қатынастардан басқа, (басқа ештеңе жоқ) болуы мүмкін емес", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Бүгін Мәскеуде Қазақстан мен Ресей президенттері жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуде, оның барысында екі ел арасындағы көпқырлы стратегиялық әріптестікті дамыту перспективалары қарастырылады.
 
Қазақстан мен Ресей басшыларының кездесуі барысында білім беру саласындағы ынтымақтастыққа баса мән берілді. Инженерлік-техникалық саладағы жоғары білікті мамандардың тапшылығына байланысты Қазақстанда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және "Болашақ" бағдарламасы аясында Ресейде мамандар әзірлеу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
 
Келіссөз қорытындысы бойынша білім беру, теміржол, цифрландыру, ғарышты игеру және атом энергетикасы салалары бойынша мамандар даярлауға қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.
 
Қол қойылған құжаттар тізімі:
 
1. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ресей Федерациясы цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі арасындағы цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.
 
2. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Роскосмос" ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясы арасындағы Жерді қашықтан зондтау ғарыш аппараттарының деректерімен алмасу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.
 
3. Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі мен "Росатом" атом энергиясы мемлекеттік корпорациясы (Ресей Федерациясы) арасындағы Қазақстан Республикасының атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қадрларды даярлау жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.
 
4. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мен Ресей Федерациясы ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
 
5. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және "Трансмашхолдинг" АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім.
 
6. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен "Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті" федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
 
7. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен "МИСиС" Ұлттық технологиялық зерттеу университеті" федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі (Ресей Федерациясы) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
 
8. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен "МИФИ" ұлттық ядролық зерттеу университеті" федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы мемарандум.
 
9. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен "Мәскеу физико-техникалық иниституты" федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
 
10. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен "И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (Ұлттық зерттеу университеті)" федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
 
11. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен "Нақты механика мен оптика институты" ұлттық зерттеу университеті" федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Кремлінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің жоғары деңгейдегі келіссөздері басталды, оның барысында екі елдің көпжоспарлы стратегиялық әріптестігін дамыту перспективалары қаралатын болады.
 
Ақпарат көзі: orda.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны