26.04.2021, 21:23 6849

Қазақстан мен Қырғызстан Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимін және мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін келісті

Комиссия мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлері мен көлемдерін бекітті.

НҰР-СҰЛТАН. 26 СӘУІР - Қазақстан мен Қырғызстан вегетациялық кезеңге Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимін және мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін келісті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнеконференция байланысы режимінде Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы комиссиясының кезекті 28-ші отырысы өткізілді. Отырыс барысында Тараптар 2021 жылғы вегетациялық кезеңге Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимін және мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін талқылады. Комиссия мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлері мен көлемдерін бекітті.

Сонымен қатар, Комиссия "Шу және Талас өзендері бассейндері үшін іс-қимылдың Стратегиялық бағдарламасын" бекітті, оның шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен су ынтымақтастығын нығайту жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады.

Тараптар ағымдағы жылдың 4 тоқсанында Бішкек қаласында комиссияның келесі отырысын өткізуге келісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны