22.02.2022, 19:00 17271

Қазақстан Мысырмен әуе қатынасын жаңартуда

Қазақстан Мысырмен әуе қатынасын жаңартуда
НҰР-СҰЛТАН. 22 АҚПАН - Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.

Биыл наурыз айынан бастап қазақстандық Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуекомпаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль -Шейх қаласына туристік рейстерді қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны