04.01.2022, 20:32 10551

Қазақстан Президенті демонстранттарға үндеу жолдады

Қазақстан Президенті демонстранттарға үндеу жолдады
НҰР-СҰЛТАН. 4 ҚАҢТАР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев демонстранттарға үндеу жолдап, деструктивті адамдардың үндеулеріне құлақ аспауды сұрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырамын. Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар ертеңгі елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады", - деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.

 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері бойынша кеңес өткізеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны