07.12.2021, 20:22 49943
Қазақстан Президенті рақымшылық жасау туралы Заңға қол қойды
Достарға айту
Заң жобасы мемлекеттің және азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарды, оның ішінде азаматтардың әлеуметтік қауқарсыз санаттарын жазадан босатуға мүмкіндік береді", - деп хабарлайды Ақорда.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жазасы жеңілдеп, қамаудан босайтын адамдардың нақты санын атады.
Жоба бойынша, біріншіден, 2 236 сотталушыға, 11 310 пробацияда тұрған адамға рақымшылық жасалады. Нәтижесінде 1 000 адам қамаудан бостандыққа шығады. 3 818 адам пробациялық бақылаудан босатылады", - деді министр.
Сондай-ақ, ол заң бойынша аса ауыр қылмыс жасаған азаматтарға рақымшылық жасауға тыйым салынғанын атап өтті.
Екіншіден, 1 294 сотталушыға, 7 294 пробацияда тұрған адамдарға жаза мерзімі қысқартылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі өндірістегі 5 000 мың қылмыстық іс қысқартылады. Оның ішінде 1 674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1 471 адамға сот органдары жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелері қолданылады", - деп қосты министр.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.12.2025, 12:41 7436
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Құрметті отандастар! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады.
Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз.
Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды.
Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.
Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз.
Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!
Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 20:34 4741
Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен 12 млрд теңгеге Kokshe Arena көпфункционалды спорт кешені салынды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының 2025 жылғы наурызда Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Көкшетауда Kokshe Arena заманауи көпфункционалды спорт кешенінің ашылуы өтті. Нысан Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен тұрғызылды. Бұл мақсатқа Үкімет 12,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ғимараттың сыйымдылығы шамамен 1 мың адамды құрайды. Кешенде заманауи мультимедиялық жүйелері бар 650 орындық көрермен залы, өрмелеу алаңы мен өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған мұнарасы бар әмбебап спорт залы қарастырылған. Бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфит залдары сертификатталған олимпиадалық стандарттағы құралдармен жабдықталған. Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін де барлық жағдай жасалған.
Іргелес аумақта жеңіл атлетика аймағы, ойын спорт түрлері мен лақтыру пәндеріне арналған алаңдар, сондай-ақ демалыс аймақтары жабдықталған.
Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, қаржы министрі Мәди Такиев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкин, UFC аясында өнер көрсететін аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов болды.
Айта кету керек, Kokshe Arena - қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған аймақтағы екінші спорттық инфрақұрылым нысаны. Бұған дейін облыста Зеренді аулында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылған болатын.
Ақмола облысында Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатына барлығы 42 әлеуметтік нысан, оның ішінде 14 денсаулық сақтау мекемесі, 26 сумен жабдықтау нысаны және 2 спорт мекемесінің құрылысы жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 19:32 4956
160-қа жуық ЖЭК стансасы электр қуатын өндірудің 7%-дан астамын құрады
Достарға айту
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында "жасыл технологиялар" жобаларын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Жаңартылатын энергия көздері саласында Қазақстан әлемдік инвесторлар үшін тартымды алаңға айналып отыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша таза энергия генерациясының үлесі жалпы өндіріс көлемінің 7%-нан асты, ал стансалар саны 159-ға жетті.
Биыл 266 МВт жиынтық қуатқа ие бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырдық. Қарағанды және Ұлытау облыстарында жаңа жел электр стансалары, Қызылорда және Маңғыстау өңірлерінде күн парктері пайдалануға беріліп, еліміздің энергетикалық жүйесіне нақты үлес қосуда", - деді Ерлан Ақкенженов.
Сала дамуының ең бір маңызды кезеңі бірінші рет гигаваттық класты жел электр стансасын және энергия жинау жүйелерін салу бойынша ірі аукционның өткізілгені болды. Бұл қадам елімізде икемді әрі тұрақты энергетикалық жүйе құруға жаңа мүмкіндіктер ашты. Аталмыш тәжірибе нарықтың ірі жобаларды қабылдауға және заманауи технологиялық шешімдерге дайын екенін көрсетті.
#ЖЭК #Инвестициялар #Президенттің тапсырмасы
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 14:50 22511
Қазақстан Солтүстік Македония студенттерінің назарында
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Штип қаласындағы Гоце Делчев атындағы университеттің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы алдында презентациялық дәріс оқыды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан Қазақстанның ағымдағы дамуы, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, еліміздің сыртқы саясаттағы жетістіктері, оның қазіргі әлемдегі геосаяси рөлі, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығы нәтижелерімен аудиторияны таныстырды.
Тыңдаушылар қазақстандық жоғары білім беру жүйесін, халықаралық академиялық және білім беру бағдарламаларын дамытуға ерекше қызығушылық танытты.
Университет ректоры Деян Мираковскимен кездесу барысында Елші Бұршақов білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады. Екі елдің университеттері мен ғылыми орталықтары арасындағы әріптестікті нығайту қажеттігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ректор Д.Мираковски академиялық алмасу, бірлескен жобалар және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейту перспективаларына назар аудара отырып, қазақстандық білім беру мекемелерімен өзара тиімді байланыстар орнатуға терең қызығушылық танытты.
Университет басшылығы Қазақстан Елшілігіне елімізбен тереңірек танысу мүмкіндігі үшін ризашылығын білдіріп, болашақта осындай кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Гоце Делчев атындағы Университет 2007 жылы құрылған. Higher Education Council (Түркия), сондай-ақ Еуропалық Университет қауымдастығымен ынтымақтастығы бар. Студенттер саны 20 мыңнан асады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 11:05 21151
Үкіметте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар түрлеріне бағаны тұрақтандыру мәселелері қаралды
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасына қатысты жағдай талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қараша айында қазанмен салыстырғанда азық-түлік емес тауарлар бағасының өсімі 0,9%-ға дейін баяулады, ал азық-түлік өнімдерінің бағасы өткен ай деңгейінде (1%) сақталды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған баға индексі соңғы төрт апта бойы өзгеріссіз қалып отыр.
Серік Жұманғарин жылыжай көкөністерінің, әсіресе қияр мен қызанақтың маусымдық қымбаттауын ескере отырып, шекарадағы өткізу бекеттерінде түрікмен көкөністеріне шұғыл түрде "жасыл дәліздер" ұйымдастыруды тапсырды. Бұл шара әсіресе жылыжай өндірісі жеткіліксіз аймақтарды қолжетімді бағадағы көкөністермен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа жыл мерекелері қарсаңында, 22-31 желтоқсан аралығында, елдегі супермаркеттерде "Bereke fest" акциясы басталады. Акция аясында фермерлерден тікелей жеткізілген әлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағамен сатылады. Сонымен қатар өңірлерде ауыл шаруашылығы және жаңа жылдық жәрмеңкелердің саны артады: желтоқсан айында еліміздің барлық өңірінде 800-ден астам жәрмеңке өткізілмек. Тек өткен аптада 149 жәрмеңке ұйымдастырылды. Сауда комитетіне шалғай аудандарға, оның ішінде Маңғыстау, Ұлытау облыстарына тауар жеткізу бойынша көмек көрсету тапсырылды.
Сондай-ақ Ұлытау облысындағы күрделі логистиканы және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қойма орындарының тапшылығын ескере отырып, Серік Жұманғарин өңірде логистикалық орталық құру міндетін қойды. Аталған орталықтың қуаты азық-түліктің қажетті қорын сақтауға, логистикалық шығындарды қысқартуға және өңірлік тарату хабын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру тетіктері бойынша қолданыстағы ережелерге толықтырулар енгізу жұмыстары туралы баяндады.
Өзгерістер онлайн мониторинг жүйесін орнатуды міндеттейді. Қазіргі уақытта "Қазақтелеком" АҚ Қызылордада 3 мың шаршы метрлік қоймада пилоттық жобаны жүзеге асырып жатыр. Келесі жылы барлық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар қоймалары осындай жүйелермен жабдықталып, бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қорларының болуына, сақтау жағдайлары мен сапасын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Өзгерістер жақын арада күшіне енеді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 10:03 21361
Үкіметте "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы басталған "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиынға ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, сондай-ақ өңір әкімдері мен әкім орынбасарлары онлайн режимде қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы - медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарын салу, орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту және оларды білікті мамандармен қамтамасыз ету бағыттарын қамтитын "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру. Қазіргі уақытта жобадағы 655 нысанның 645-інің құрылысы аяқталды, бұл жоспардың 98%-ын құрайды. Оның ішінде 226 нысан бұрын медициналық инфрақұрылым болмаған ауылдарда салынған, ал 419-ы ескірген ғимараттардың орнына тұрғызылды. Сонымен қатар жоба аясында қалған 10 МСАК нысаны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Аида Балаева облыс әкімдіктеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын, жобалық жұмыстарды дер кезінде аяқтап, әкімшілік кедергілерді жоюды тапсырды.
Барлық бағыт бойынша қатаң әрі жүйелі бақылау қажет. Әр облыс бойынша бекітілген кестелерге сәйкес, бұлжытпай орындалып, барлық кезеңінде қадағалау және міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз ету маңызды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама нәтижесіне қатысты нақты әрі толық ақпарат берілуі тиіс. 2026 жыл - жауапты кезең, сондықтан формалды есеп емес, нақты нәтижелер мен жергілікті жердегі расталған бақылау қажет", - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Сонымен қатар жобаның екінші бағыты - инсульт орталығы, ТКА орталығы, перинаталдық орталық, травматология, хирургия және медициналық оңалту бөлімшелері бар жаңғыртылған 32 орталық аудандық аурухананы пайдалануға беру мәселесі қаралды. Баяндамаға сәйкес, 14 нысанда жұмыстар аяқталған, тағы 24 аурухана қайта жаңарту немесе күрделі жөндеу кезеңінде тұр.
Талқылауда ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болды. Ұлттық жоба аясында 1100 медицина қызметкерін даярлау қарастырылған.
Инфрақұрылым салу - маңызды қадам, алайда шешуші фактор - кадр мәселесі. Нысандардың тиімді әрі сапалы жұмысы тікелей медициналық мамандардың даярлығы мен олардың қолжетімділігіне байланысты. Бүгінде мамандар тапшылығы ауылдық жерде ғана емес, ірі қалаларда да байқалады. Медицина нысандарын пайдалануға беру персоналды толықтырудың нақты алгоритмімен және көрсетілетін қызметтің көлемі мен сапасын нақты түсінумен қатар жүруі тиіс. Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтарға қарамастан, Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ауқымды инвестиция салуда. Бұл жобалардың нәтижесі барлық сын-пікірге берілген нақты жауап. Сондықтан нысандарды салумен ғана шектелмей, олардың қанша адамды қамтитынын, қандай нақты пайда әкелетінін халыққа жеткізу маңызды. Азаматтардың денсаулығы - елдің адами капиталы мен стратегиялық әлеуеті, мемлекет қабылдап жатқан шаралардың барлығы осыған бағытталған", - деп атап өтті Аида Балаева.
Жиынды қорытындылай келе, Премьер-министрдің орынбасары бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда
- жыл соңына дейін жұмысты аяқтауы тиіс өңірлер бойынша қосымша тексеру жүргізіп, нақты бақылау нәтижелері туралы есеп ұсынуды;
- бекітілген жұмыс кестелерін қатаң сақтап, әр облыс бойынша егжей-тегжейлі жоспар-графиктерді әзірлеп, олардың орындалуын тұрақты бақылауды;
- бірінші, екінші және үшінші бағыт бойынша толық әрі уақтылы жұмыс жүргізу, жыл соңына дейін алынған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, әр жағдай бойынша міндетті түрде ақпарат беруді;
- 2025 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама нәтижелері жөнінде өңірлер бойынша нақты әрі толық ақпарат ұсынуды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 14:41 22711
"Қазығұрт" және "Темір баба" жаңа жоғары технологиялық өткізу пункттері ашылды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада орналасқан "Қазығұрт" және Түркіменстанмен шекарада орналасқан "Темір баба" пункттері. Аталған нысандардың ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде өткенін айта кету керек, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазығұрт" өткізу пунктінің ресми ашылуына ҚР қаржы министрі Мәди Такиев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.
Қаржы министрі жаңғырту бағдарламасы Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен арадағы шекараларда орналасқан барлығы 9 өткізу пунктін қамтығанын атап өтті. "Қапланбек", "Атамекен", "Қалжат" және "Алакөл" сияқты бірқатар нысандағы жұмыстар аяқталған. Ал жыл соңына дейін "Тәжен", "Майқапшағай" және "Бақты" пункттерін жаңғыртудан өткізу көзделіп отыр.
Жөндеу жұмыстары көлік қозғалысы мен жүк өткізу процесіне кедергі келтірмей жүзеге асырылды. Осы мақсатта уақытша қозғалыс схемасы ұйымдастырылып, бұл кептелістің алдын алып, жүк және жолаушылар тасымалы үздіксіз жүргізілді.
Жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде пункттерде шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін азайып, өткізу қабілеті тәулігіне 1 000 көлікке дейін ұлғайтылды. Қазір жаңартылған өткізу пункттері арқылы көлік ағыны 2,5 есе артты. Мәселен, 2022 жылы шекараны 640 мың автомобиль кесіп өтсе, бүгінде бұл көрсеткіш 1,5 млн-ға көбейді.
Қазығұрт" өткізу пункті - халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи технологиялық кешен. Мұнда көлікті тіркеудің автоматтандырылған жүйесі, озық сканерлеу жабдықтары, салмақ-габарит өлшеу жүйелері, сондай-ақ рентген-телевизиялық қондырғылар, "тепловизорлар" және радиациялық бақылау құралдары іске қосылған. Қозғалыс ағыны жаяу жүргіншілер, жеңіл және жүк көліктері деп арнайы бөлінген. Бұл қауіпсіздікті арттырып, қозғалысқа жайлы жағдай жасайды. Жүк көліктері үшін техникалық бақылаудан тоқтаусыз өтуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған дәліздер қарастырылған.
Инфрақұрылымды жаңартумен қатар министрлік кеден рәсімдерін цифрландыру бойынша да қарқынды жұмыстар жүргізіп келеді. Айталық, Keden ақпарат жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, онда толық интеграцияланған цифрлы кеден жүйесіне көшу қарастырылған. Жүйе экспресс-жүктермен жұмысты, тауарларды есепке алуды және виртуалды қоймаларды автоматтандырды. Қазір жасанды интеллект негізінде тауарлар мен қызметтерді декларациялау модулін іске қосу қолға алынған. Мақсат - электронды декларацияның толық циклін аяқтап, 2026 жылдан бастап тиімділікті бақылау, сараптау және бағалау үшін жаңа модульдерді енгізу. Бұл бизнес үшін жұмысты айтарлықтай жеңілдетіп, қызмет көрсетуде жеделдете түседі.
Бұдан бөлек сәуірде Өзбекстанмен шекарадағы "Жібек Жолы" өткізу пунктін ауқымды жаңғырту басталған болатын. Жаңа кешен жалпы ауданы 10 мың шаршы метрді алып жатқан екі заманауи жолаушылар терминалын және автокөлікке арналған бірыңғай шатырды қамтиды. Тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін 2026 жылы шілдеде өткізу пунктінің қабілеті тәулігіне 70 мың адамға дейін және 2 мың жеңіл автомобильге дейін өседі деп көзделген.
Тағы бір инновациялық бағыттардың бірі - Қытаймен бірлесіп қолға алынған "Бақты-Покиту" жобасы. Қытай тарапы екі аумақта да толық автоматтандырылған логистикалық орталықтар құруға шамамен $50 млн көлемінде инвестиция жұмсамақ. Жоба аясында жүктерді тасымалдауға ұшқышсыз басқарылатын электр шаттлдарын пайдалану, "ақылды" логистиканы, AGV-терминалдарды, зарядтау стансаларын енгізу және бүкіл өңірдегі ең технологиялық көлік дәліздерінің бірін құрып, екі мемлекеттік цифрлық жүйенің толық интеграциясын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Жаңа өткізу пункттерін іске қосу - мемлекеттік органдардың, мамандардың, инженерлердің, құрылысшылардың және шекара қызметінің бірлескен жұмысының жемісі. Біз экономиканы дамытуға әсер етіп, Қазақстанды ашық, сенімді және бәсекеге қабілетті транзитті хаб ретінде айқындайтын заманауи, технологиялық және жайлы инфрақұрылымды құруға мән беріп келеміз. Бұдан басқа өткізу пункттерін жаңғырту - Мемлекет басшысының Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған тапсырмасын іске асыру бағытындағы жүйелі қадам. Біз сауданы арттырып, бизнестің жұмысын жеңілдететін және Қазақстанды аймақтың негізгі логистикалық торабына айналдыратын заманауи инфрақұрылым құрып жатырмыз", - деді Мәди Такиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 10:33 22016
Жамбыл облысының ауылдарын сумен жабдықтауға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 15 млрд теңге бөлінді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Жамбыл облысында сумен жабдықтаудың 12 жобасын жүзеге асыру Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландырылады. Үкімет бұл мақсаттарға 15,4 млрд теңге бөлді. Бүгінгі таңда 4 нысан пайдалануға берілді, қалған 8 нысандағы құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мәселен, қазірдің өзінде төрт елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Жамбыл ауданында Қызылшарық, Жаңаөткел және Жұма ауылдарында жұмыстар аяқталды. 300-ден астам адам тұратын Талас ауданы Қараой ауылында су құбыры іске қосылды. Бұрын ол жерде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған. Жобаның жалпы құны 933,4 млн теңгені құрады, оның 106,7 млн теңгесі тікелей Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді.
Осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған 8 нысанда жұмыс жалғасуда. Бұл облыстың шалғай аудандарындағы жобалар. Мәселен, Мойынқұм ауданында Шығанақ, Мыңарал және Құмөзек стансаларында, сондай-ақ Мойынқұм, Биназар және Бірлік ауылдарында желілер реконструкциялануда. Сарысу ауданында су құбырын реконструкциялау Жайылма және Маятас ауылдарын қамтиды, ал Қордай ауданында Қарасай батыр ауылында желілер құрылысы жүріп жатыр.
Өңірде сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жүйелі негізде жүргізілуде. Президент тапсырмасына сәйкес облыста халықты 100% ауыз сумен қамту міндеті жүзеге асырылуда. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңір қалаларында қамтамасыз ету - 98%-ды, ауылдық елді мекендерде - 99,3%-ды құрайды. Жамбыл облысында барлығы 23 сумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылуда, оның 13-і пайдалануға берілді.
Осыған ұқсас жұмыс барлық Қазақстан бойынша жүргізілуде. Еліміздің елді мекендерін толық қамту үшін биыл республикалық бюджеттен 257 жобаны жүзеге асыруға 105,7 млрд теңге бөлінді. Сумен жабдықтау саласындағы тағы 229 жобаны жүзеге асыруға Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қосымша 135,8 млрд теңге бөлінді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.12.2025, 10:17Мемлекет басшысы Аустралия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады 16.12.2025, 11:19 8151Мемлекет басшысы Чили Республикасының жаңадан сайланған президентін құттықтады16.12.2025, 13:21 7901Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті16.12.2025, 12:41 7451Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады16.12.2025, 14:37 4426Испаниялық компания Қызылорда облысындағы зауыт құрылысына 44 млрд теңге инвестиция салады: инвестициялық келісімге қол қойылды
10.12.2025, 17:08 145536Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады10.12.2025, 16:10 142761Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды10.12.2025, 16:01 142376Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды134446Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды09.12.2025, 14:10 134326Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды
19.11.2025, 16:26 147321Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146961Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 146146Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады10.12.2025, 17:08 145536Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады10.12.2025, 16:10 142761Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды

