29.11.2021, 19:18 35663

Қазақстан Президенті Швейцарияға ресми сапармен келді

Женевада Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді.
Қазақстан Президенті Швейцарияға ресми сапармен келді
Сурет: Facebook Берік Уәли
НҰР-СҰЛТАН. 29 ҚАРАША - Қазақстан Президенті ресми сапармен Швейцария Конфедерациясына келді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
 

Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ", - деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 
Оның ақпараты бойынша, сапар бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны