10.02.2023, 08:42 27376

Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек
Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді
Сурет: primeminister.kz
Астана. 10 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Кеше Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыста жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына 50 тонна гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді. Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек", - деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын.

6 ақпан күні Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен жер сілкінгеннен кейін 648 афтершок болды. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 17 674-ке дейін өсті, 72 мыңнан астам адам жараланды.

Жер сілкінісі Сирияға да әсер етті: Алеппо, Латакия, Хама және Тартус провинциялары. Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, 1 347 адам қаза тауып, екі мыңнан астам адам зардап шекті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны