31.01.2023, 12:38 26551

Қазақстанда балалар азаматтық ауыстырған кезде Ұлттық қордан ақша алмайды

Бұл ақша басқа балаларға, жалпы Ұлттық қордың ішінде үлестіріледі
Қазақстанда балалар азаматтық ауыстырған кезде Ұлттық қордан ақша алмайды
Сурет: Depositphotos
Астана. 31 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін бала 18-ге толған кезде азаматтығын ауыстырса, не болатынын айтты.
 

Егер бала азаматтығын ауыстырса, бұл қаражатты ол алмайды. Бұл ақша басқа балаларға, жалпы Ұлттық қордың ішінде үлестіріледі. Ұлттық қордағы шотынан ақша алғанда оған салық салынбайды", - деді Әлібек Қуантыров.

 
Оның айтуынша, 18 жасқа толған бала шотындағы ақшаны алғанда салық салынбайды. Механизм дайын. Қаржы министрлігі ережелерін дайындап жатыр.

 
Сонымен қатар, ол Ұлттық қордан бала шотына ақша аудару ережелері қашан бекітілетінін де айтты.
 

2024 жылдан бастап осы тетік іске асады. Жүйеде болған 18 жасқа дейінгі балаларға жылдық қорытынды бойынша тиісті инвестициялық кірістің 50 пайызы түседі. Осы 50 пайыз әр балаға үлестіріледі. Жалпы 6,5 млн бала 18 жасқа толғанша осы жүйеде болады. Мысалы, инвестициялық кіріс теріс болса, не болатынын да талқыладық. Тек бір жылдың кірісін ғана қарамаймыз. Біз орташа 18 жылдағы кірісті аламыз. Себебі, біздің мониторинг бойынша 18 жылдың ішіндегі әр кезеңде кіріс оң болуы керек. Сол себепті осы механизм бойынша жұмыс істейміз", - деді ол.


Бұрын хабарланғандай, кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Ұлттық қордан қазақстандық балаларға есептеулер доллармен жүргізілетін болады.

Ұлттық банк пен Үкіметтің есептеулері бойынша, елімізде жыл сайын орта есеппен 400 мың бала туатынын ескерсек, 18 жасқа толуына орай жеке шотта кемінде 3 мың доллар жинақталатын болады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны