05.06.2023, 12:45 10826
Қазақстанда үлестік қатысуы бар 44 проблемалық нысан бар
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салуды қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев алдағы жылдары 1 млн-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты. Қойылған міндетке қол жеткізу үшін 2029 жылдың соңына дейін республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беруді жыл сайын 200 мың шаршы метрге арттыру көзделген. Атап айтқанда, биыл 15,3 млн шаршы метр немесе 143 мыңнан астам пәтерді аяқтау жоспарланып отыр.
Жұмыстарды уақтылы атқару үшін әкімдіктер нақты нысандар мен олардың орындалу мерзімдерін көрсете отырып, жол карталарын бекітті. Министрлік өз кезегінде әрбір пайдалануға берілетін нысанға ай сайын мониторинг жүргізеді. 4 айдың қорытындысы бойынша жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіш 19%-ға артығымен орындалды: жоспарланған 3,6 млн шаршы метрдің орнына 4,3 млн шаршы метр - 36,6 мың пәтер салынды.
Сонымен қатар бүгінде республика бойынша үлестік қатысуы бар 44 проблемалық нысан бар. Министрлік үлестік құрылыс мәселелерін реттеу мақсатында ынталандырушы және қатаңдататын түзетулер пакетін дайындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
09.01.2026, 12:04 16226
2025 жылы мүгедектікті белгілеуге қатысты 113 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
Достарға айту
2025 жылы Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізу аясында мүгедектікті белгілеуге арналған 113,1 мың өтінім сырттай форматта қаралды. Бұл ел бойынша куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 42,5 пайызын құрайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сырттай проактивті куәландыру бірқатар нозологиялық нысандар бойынша қолданылады. Олардың қатарына онкологиялық аурулар, барлық локализациядағы туберкулез, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық даму кемістіктері, психикалық аурулар, балалардағы бірінші типті қант диабеті, балалардағы мукополисахаридоз, сондай-ақ ағза трансплантациясынан кейінгі жағдайлар кіреді.
2025 жылы нозологиялық нысандар тізбесі едәуір кеңейтілді. Оған шынайы гидроцефалия, бір немесе бірнеше аяқ-қолдың тұрақты айқын салдануы немесе терең парездері сияқты аурулар енгізілді.
Осылайша, қазіргі таңда сырттай форматтағы куәландыру 50-ден астам нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.
Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптаманың сырттай форматы енгізілді. Бұл жағдайда өтініш берушіге тек тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, қажетті тексеруден өту жеткілікті.
Құжаттарды жолдаудан бастап сараптамалық шешім шығаруға дейінгі барлық кейінгі кезеңдер азаматтың жеке қатысуынсыз, ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы жүзеге асырылады. №031/у нысанындағы медициналық құжаттар медициналық ұйымдардан МӘС бөлімшелеріне электрондық форматта жолданады.
Сырттай куәландыруға көшу:
- - әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- - МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- - мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
- - көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 16:29 28541
Аида Балаева Көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкіметтің 2025 жылғы желтоқсанда қабылдаған 2030 жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, қазіргі заманда көші-қон саясаты қоғамдағы, экономикадағы және әлемдегі өзгерістердің айқын көрсеткішіне айналып отыр. Сондықтан көптеген елдер өз көші-қон саясатын қайта қарап жатыр. Қазақстан да бұл бағытта нақты қадамдар жасап, көші-қон жүйесін заман талабына сай жаңартып келеді. Ол ашық әрі айқын болып, ең бастысы мемлекет пен азаматтардың мүддесіне қызмет етуге тиіс.
2025 жылғы желтоқсанда Үкімет 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының тұжырымдамасын қабылдады. Бұл құжатта экономиканың қажеттілігі, азаматтардың мүддесі мен ұлттық қауіпсіздік мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Ең алдымен, біз Қазақстан азаматтарының мүддесін басшылыққа аламыз. Шетелдік жұмыс күші тек нақты кадр тапшылығы бар салаларға ғана тартылады. Көші-қон бағыт-бағдары өңірлер мен нақты жобалардың сұранысына сай қалыптасады", - деді ол.
Бұл ретте басты назар "Заң және Тәртіп" қағидатының сақталуына салынатын болады.
Заң бәріне ортақ. Сондықтан көші-қон талаптарын бұзғандар жауапкершіліктен сырт айналып кете алмайды. Бұл талап мигранттарға да, жұмыс берушілерге де бірдей қолданылады. Қауіпсіздік елге кіруден бастап, елден шығуға дейін толық қамтамасыз етіледі. Біздің мақсатымыз - Қазақстанға заңды сыйлайтын, мәдениетімізді құрметтейтін адамдардың келуі", - деп атап өтті министр.
2026 жылғы қаңтардан бастап жаңа тәртіп енгізіледі. Шетел азаматтары, соның ішінде этникалық қазақтар, алдын ала іріктеуден өтеді. Оған мемлекеттік тілді білу тесті, цифрлық сауалнама, уәкілетті органдардың тексерулері және әңгімелесу кіреді.
Мемлекеттік қолдауға үмітті қандастарымыз үшін арнайы тәртіп бар.
Мемлекеттік жеңілдіктер мен қолдау бағдарламаларын пайдалану үшін олар қандас мәртебесін рәсімдеп, еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстануы керек. Бұл - Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Біз отандастарымызды мемлекеттік стратегияны ұстануға шақырамыз. Өңірлік квотаға кірген қандастар көшіп келген кезде 5 жылға әлеуметтік келісімшарт жасайды. Мемлекет оларға көшуге, баспанаға және жұмысқа орналасуға көмектеседі. Ал егер отбасы бес жыл өтпей басқа өңірге көшсе, алған көмекті қайтаруға тиіс болады", - деп түсіндірді Аида Балаева.
Сонымен қатар балама жол да бар. Яғни, мемлекеттік қолдаусыз, жалпы тәртіппен тұрақты тұруға рұқсат алу. Бұл жағдайда өңірді өз қалауыңызша таңдай аласыз.
Министрдің айтуынша, жаңа көші-қон саясаты кезең-кезеңімен енгізіледі. Қоғамның, бизнестің және өңірлердің пікірі ескеріледі. Заңды құрметтейтін, адал азаматтарға әрдайым басымдық беріледі. Цифрлық құралдар заңсыз әрекеттер мен жалған құжаттарды жоюға мүмкіндік береді.
Көші-қон мәселесі заңды, қауіпсіз әрі бақылауда болуға тиіс. Тек сонда ғана ол мемлекетіміз бен азаматтарымыздың мүддесіне сай келеді", - деп түйіндеді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 15:57 29751
Отандық өндірушілерге тауарларды теміржол арқылы тасымалдау шығындары өтеледі
Достарға айту
Қазақстанда отандық өндірісті қолдауға арналған мемлекеттік құралдар кеңейтілуде. "Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерлетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына" өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Енгізілген өгерістерге сәйкес енді отандық кәсіпорындарға ел ішінде теміржол арқылы басым тауарларды тасымалдауға жұмсалған шығындардың 50% - на дейін өтемақы беріледі. Өтемақының ең жоғары мөлшері 10 мың айлық есептік көрсеткішті (43,25 млн теңге) құрайды. Бұған дейін республикада ішкі теміржол тасымалдарын мемлекеттік қолдау шаралары қолданылмаған.
Жаңа шара өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және отандық қамтудың өсуін ынталандыруға бағытталған.
Сонымен қатар, халықаралық өнімді сертификаттау шығындарын өтеу көлемі бес есе ұлғайды. Бұрын мемлекет 3 000 АЕК-ке дейін өтемақы берсе, қазір - 15 000 АЕК-ке дейін, бұл шамамен 65 млн теңгені құрайды. Халықаралық сертификаттардың болуы қазақстандық компанияларға трансұлттық құрылымдардың тендерлік рәсімдеріне қатысуға және экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, "Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына" бірқатар өзгерістер енгізілді. Салық көрсеткіштері бойынша талаптар жеңілдетілді: енді жыл сайынғы салық түсімінің өсу шарты жеті жылдан аз тіркелген кәсіпорындарға қолданылмайды (бұрын - үш жылдан аз). Бұл жаңа өндірістердің жобалық қуатқа шығу мерзімін ескеріп, мемлекеттік қолдауға қолжетімділікті кеңейтеді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан қабылданған аталмыш өзгерістердің негізгі мақсаты - қазақстандық тауар өндірушілерге көрсетілетін мемлекеттік қолдауды күшейту және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерлетуге жұмсалған шығындарын өтеу бойынша оператор. 2025 жылдың қорытындысы бойынша орталық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 1 млрд 436 млн теңгеден астам сомаға шығындарды өтеді. Жалпы, мемлекеттік қолдау шамамен 60 кәсіпорынға көрсетілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 11:25 31981
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 82 млн теңгеге жер мемлекетке қайтарылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Сандықтау ауданының прокуратурасы жер комиссиясының қызметін талдау барысында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындыларын шығару кезінде заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Конкурстың қорытындылары үш кезеңде шығарылғаны анықталды, ал қолданыстағы заңнамада конкурс өткізілгеннен кейінгі күні қорытындыларды шығару көзделген. Бұл конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігіне теріс әсер еткен.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот тәртібімен 7 жалдау шартын жарамсыз деп тануды қамтамасыз етті. Нәтижесінде мемлекет меншігіне жалпы ауданы 1 400 гектар болатын, құны 82 млн теңге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қайтарылды.
Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.01.2026, 10:10 32661
2026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі пациентке бағдарланған, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған саланы жаңғырту және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, Президент тарапынан дәйекті қолдаудың арқасында денсаулық сақтау саласына жұмсалатын мемлекеттік шығындар соңғы жылдары үш есеге жуық өсіп, 2025 жылы 3 трлн теңгеге жеткен. Бұл медициналық көмектің көлемін едәуір кеңейтуге, инфрақұрылымды ауқымды түрде жаңғыртуға және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға мүмкіндік берді.
Мәселен, республикалық маңызы бар негізгі нысандар пайдалануға берілді. Олар - Ұлттық онкология орталығы, Астанадағы шұғыл медицина орталығы, сондай-ақ Алматыдағы Ұлттық жұқпалы аурулар орталығы.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту жөніндегі ауқымды жоба аяқталуда. Қазірдің өзінде ауылдық жерлерде 650-ден астам медициналық нысан пайдалануға берілді, бұл қала мен ауыл арасындағы алшақтықты едәуір азайтты", - деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.
Ұзақ уақыттан бері алғаш рет тарифтік саясат қайта қаралды: босандыру және педиатрия тарифтері көтерілді, аурулардың алдын алуға, ерте диагностикалауға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға баса назар аударылды. Клиникалық бағыттарда елеулі прогреске қол жеткізілді, ана мен баланың денсаулығын сақтау жүйесі нығайтылды. Онкологиялық қызмет белсенді дамып келеді, бұрын негізінен шетелде қол жетімді боп келген жоғары дәлдіктегі және жұмсақ емдеу әдістері енгізілуде.
Дәрілік саясатқа деген жаңаша көзқарас дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тұрақтылығын арттырып, бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеп берген стратегиялық басымдық ретінде цифрландыруға ерекше назар аударылады.
Салада "eDensaulyq" экожүйесі қалыптасып келеді, дәрігерді қолдау және медициналық көмектің сапасын арттыру құралы ретінде жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізілуде", - деп атап өтті бірінші вице-министр.
Сонымен қатар, Парламент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген медицина қызметкерлерін қорғау туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты жасалған зорлық-зомбылық үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр, сондай-ақ дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі іске қосылды. Әлеуметтік қолдау шараларының арқасында дәрігерлердің тапшылығы 19%-ға, орта медициналық персонал 7%-ға, ауылдық жерлерде 16%-ға төмендеді.
2026 жылдан бастап инфекциялық қызметтер мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің жалақысын арттыру қарастырылған, ал дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі. Сақтандыру моделіне көшуді, халықты қамту көлемін кеңейтуді және медициналық қызметтер сапасын мемлекеттік бақылауды қалпына келтіруді көздейтін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі заң қабылданды", - деді Тимур Сұлтанғазиев.
Саланы дамытудың стратегиялық басымдықтары айқындалды: Денсаулық сақтауды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы және Медициналық көмектің сапасын басқарудың кешенді жоспары әзірленді.
Бірінші вице-министр атап өткендей, қабылданып жатқан шаралар айтарлықтай нәтиже бере бастады. Мәселен, халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы 75,8 жылды құрайды, өлім-жітім көрсеткіштері төмендеуде. Жалпы өлім-жітім 2,6%-ға, нәресте өлімі 18%-ға қысқарды, ал Қазақстан халықаралық рейтингтердегі өз позициясын жақсарта отырып, адам дамуы индексінде жеті тармаққа көтерілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.01.2026, 10:33 100881
Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады
Сурет: mitropolia.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Құрметті отандастар!
Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді. Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады.
Православ христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып келеді.
Бірлік, тілектестік, өзара қолдау қағидаттары - мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі, барлық жетістіктеріміздің мызғымас негізі. Жұртымыз бір-біріне құрмет көрсетіп, сенім мен жанашырлық таныта отырып, әділдік және өсіп-өркендеу жолында алға қарай нық қадам жасай береді.
Православ азаматтарға және барша халқымызға шын жүректен зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Әр үй құт-берекеге толсын!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.01.2026, 09:29 101201
Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр
Достарға айту
7 қаңтарда бүкіл әлемдегі, соның ішінде Қазақстандағы православие христиандары негізгі діни мерекелердің бірі Мәсіхтің туған күнін атап өтеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Рождество - әлемнің 100-ден астам еліндегі аталып өтетін ең маңызды христиан мерекелерінің бірі. Бұл күн Иса Мәсіхтің туғанын еске алады және адамның Құдаймен байланысын білдіреді.
Шіркеу іліміне сәйкес, Рождество Мәсіхтің құтқару ісін және адам табиғатының жаңаруын бейнелейді.
6-7 қаңтарға қараған түні Қазақстанның барлық православие храмдарында Рождестволық қызмет өтеді. Ежелгі дәстүр бойынша мерекелік Құдай литургиясы түнде жасалады және 40 күндік оразаның соңғы сағаттарымен сәйкес келеді. 7 қаңтарда сенушілер мерекелік дастарқанға отырады, сол күні таңертең ғибадатханаларда мерекелік ғибадат орындалады.
Рождество мерекесінің негізгі орны - Алматыдағы Вознесенск кафедралы шіркеуі. Елдің бас шіркеуі Астанадағы Успен кафедральды соборында мерекелік қызметті Қаскелең епископы, Митрополиттік округтің викарийі және Қазақстан православие шіркеуінің әкімшісі Геннадий мерекелік қызметі жүргізеді.
Бұған дейін Қазақстан православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр сенушілерді Рождество қуанышын көршілерімен, сондай-ақ қолдау мен жұбанышқа мұқтаж жандармен бөлісуге шақырған болатын.
Осы Рождество мерекесін баршамыз үшін игі істер, жұбату мен жігерлендіру сөздері, жанашырлық пен мейірімділік арқылы шынымен де жарқын және салтанатты етуге тырысайық. Қайғырғандарға көмек қолын созайық, көңілсіздерді қолдайық, науқастарға барып, жалғызбастыларды еске алайық. Киелі жазбаларда айтылғандай, "Қайырымдылық жұмақ сияқты батаға толы, ал cадақа мәңгілікке қалады"", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 20:48 122436
Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі
Достарға айту
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ілеспе заңнамалық актілерді әзірлеп шығаруды және салалық заңға тәуелді барлық құқықтық актілерді таяуда қабылданған Цифрлық кодекске сәйкес келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Парламент цифрландыруды дамытудың негізін қалыптастыруға бағытталған Цифрлық кодексті қабылдады. Басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер әзірлеп, Мәжіліске енгізу, сондай-ақ заңға тәуелді барлық салалық құқықтық актілерді сәйкестікке келтіру қажет. Жүргізіліп жатқан заңнамалық өзгерістер бойынша IT-қоғамдастық пен жұртшылық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік секторға жасанды интеллектіні қарқынды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Жасанды интеллект мемлекеттік секторда да белсенді енгізілуге тиіс. Оны қолдану атүсті автоматтандыруға емес, қалыптасып қалған процестерді қайта қарауға, мемлекеттік функцияларды орындаудың неғұрлым тиімді модельдеріне көшуге және бюрократиядан арылуды одан әрі жалғастыруға әкелуі керек. Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау агенттігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрландыруды кеңейтуді және жасанды интеллектінің қолданылуын ескере отырып, басқарудың барлық деңгейлеріндегі функцияларды қайта қарауға тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Жасанды интеллект министрлігіне министрліктердің бірінші басшыларының цифрлық орынбасарлары, яғни, CDO қызметінің нәтижелеріне сапалы талдау жүргізіп, 2026 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған жаңа көрсеткіштерді белгілеу тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
09.01.2026, 12:042025 жылы мүгедектікті белгілеуге қатысты 113 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды 09.01.2026, 11:50 6511Былтыр Қазақстанда 20 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды09.01.2026, 09:41 6476Желтоқсанда қазақстандықтар БЖЗҚ-дан радиохирургиялық ем алуға 5,6 млрд теңге жұмсады09.01.2026, 10:45 6231М.Әуезов атындағы театрда жөндеу жұмыстары тоқтатылған жоқ - министрлік09.01.2026, 15:43 4156Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
06.01.2026, 20:48 122091Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі06.01.2026, 20:02 115471Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өтті06.01.2026, 19:34 1021262026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды - Жарлық07.01.2026, 09:29 100856Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 100536Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады
17.12.2025, 17:47 232246Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227761Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 226046Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 223041Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 214041Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

