15.02.2023, 12:58 18181

Қазақстанда ормандардағы заңсыз құрылыстар үшін жауапкершілік енгізіледі

Орман заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларға толықтырулар енгізілді
Астана. 15 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Үкіметі "Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы" қаулыға түзетулер енгізді.

Түзетулер елдегі орман алқаптарында заңсыз құрылыстар үшін жауапкершілікті қарастырады.

Орман заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларға мынадай толықтырулар енгізілді: шабындықтар мен жайылымдық алқаптардың бір шаршы метрін зақымдау 3 АЕК айыппұл салуды көздейді; ағаш кесілген жерлер мен өртеңдерді заңсыз тегістеу - 1 шаршы метр үшін 0,5 АЕК айыппұл; заңсыз құрылыстар тұрғызу және қоймалар орналастыру - 1 шаршы метр үшін 2,0 АЕК айыппұл; 1 литр шайыр мен ағаш шырындарын алу және 1 шаршы метр қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларын бұзу - 0,5 АЕК айыппұл.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда экологиялық бұзушылықтар мен вандализм үшін жауапкершілік күшейтілген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны