26.11.2022, 10:52 12841

Қазақстанда Президенттің ұлықтау рәсімі өтуде

Қазақстанда Президенттің ұлықтау рәсімі өтуде
Астана. 26 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгін, 2022 жылғы 26 қарашада Астанада Тәуелсіздік Сарайының Үлкен залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
 

Конституцияға сәйкес билік тармақтары түгел жаңғыртылады. Осындай жаңа саяси маусымды Президент сайлауы бастап берді. Сайлау науқаны 3 айға жуық уақытқа созылды. Осы кезеңде еліміздің болашағы туралы түрлі мазмұнды пікірталастар болды. Жұртымыз өз болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Азаматтық қоғамның кемел институтқа айналғаны айқын аңғарылды. Саяси алаңға жаңа тұлғалар шықты. Осылайша, халқымыз 20 қарашада өз таңдауын жасады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Ол сайлау әділ әрі ашық өткенін атап өтті. Бұл - байқаушылардың, сарапшылар мен журналистердің берген бағасы. Ел-жұрттың белсенділігі ерекше жоғары болды. Кейбір азаматтар бүкіл отбасымен келіп, дауыс берді.
 

Бұл науқан ел мүддесі үшін ұлт болып біріге алатынымызды көрсетті. Бабаларымыз қай заманда да бірлігін бәрінен биік қойған. Біз ата жолын сақтай білген, заманауи және өркениетті ел екенімізді бүкіл дүние жүзіне паш еттік. Бірлігіміздің бекемдігін тағы да дәлелдей алдық", - деп қосты ол.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны