14.06.2022, 17:09 10481

Қазақстанда Прокуратура туралы заң әзірленді

Қазақстанда Прокуратура туралы заң әзірленді
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 14 МАУСЫМ - "Прокуратура туралы" Конституциялық заңды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 

Қазіргі заманғы сын-қатерлер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуді және жоғары қадағалау органын жаңғыртуды, прокурорлар қызметінің кепілдіктерін нығайтуды талап етеді", - делінген құжат мәтінінде.

 
Бұдан басқа, "Прокуратура туралы" жаңа Конституциялық заңда заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пәрменді құралдар мен тетіктерді бекіту қажет екені атап өтілді.
 

Заңның қабылдануы прокуратураның құқық қорғау әлеутін және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету жүйесінде ролін нығайтады", - делінген құжатта.

 
Прокуратура құқық қорғау жүйесінің өзегі бола отырып, адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықты нығайту мақсатында мынадай:
 
1) адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
 
2) заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарын анықтау және жою;
 
3) құқық қорғау, арнаулы және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру;
 
4) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
 
Прокуратура органдары жүктелген міндеттер шегінде:
 
1) мыналарды:
 
мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, кәсіпкерлік субъектілері және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің;
 
лауазымды және өзге де адамдардың, оның ішінде сот орындаушылары мен нотариустардың іс-әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің), сондай-ақ олар қабылдайтын, күшіне енген актілер мен шешімдердің;
 
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді; сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, қылмыстық қудалауды, жедел-іздестіруді және қарсы барлау қызметінің;
 
атқарушылық іс жүргізудің;
 
заңды күшіне енген сот актілерінің;
 
қылмыстық жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудың;
 
мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алудың;
 
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтаудың;
 
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қозғайтын қоғамдық қатынастардың өзге де салалары заңдылығын жоғары қадағалауды;
 
2) сотта мемлекет мүдделерін білдіруді;
 
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, қылмыстық қудалауды;
 
4) қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық
 
ынтымақтастықты; қылмыстық жолмен алынған кірістерді қылмыстық процестен тыс қайтару мәселелері бойынша шетелдік және халықаралық (мемлекетаралық) соттарда, шетелдік және халықаралық аралық соттарда (төреліктерде) мемлекеттің мүдделерін білдіруді;
 
5) құқық шығармашылығы қызметіне қатысуды;
 
6) құқық қорғау органдары кадрларын даярлауды және
 
олардың кәсіптік деңгейін арттыруды, сондай-ақ білім беруді және ғылыми қызметті;
 
7) адамның және азаматтың құқықтары мен 
 
бостандықтарын қалпына келтіруге және қорғауға жәрдемдесу шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасауды;
 
8) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де құзыреттерді жүзеге асырады.
 
Сондай-ақ, жалпы заң жобасын қабылдау теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелмейді.
 

Күтілетін нәтижелердің мерзімі 2023 - 2024 жылдар", - делінген құжаттың мәтінінде.

 
Заң жобасының қабылдануы 2023-2025 жылдар үшін прокуратура қызметінің құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға республикандық бюджеттен, жалпы, 18 754,5 мың теңгені (2023 жыл - 6 251,5 мың теңге, 2024 жыл - 6 251,5 мың теңге, 2025 жыл - 6 251,5 мың теңге) қосымша қаржылық шығындарды бөлуді қажет етеді.
 
Құжаттың толық мәтінімен "Ашық НҚА" порталында танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны