19.08.2022, 16:06 43616

Қазақстанда ҰҚШҰ елдерінің штабтық жаттығулары өтеді

Қазақстан мен Беларусьте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы күштерінің Скала-2023 және Скала-2024 деп аталатын штабтық жаттығулары өтеді.
Қазақстанда ҰҚШҰ елдерінің штабтық жаттығулары өтеді
Сурет: odkb-csto.org
МӘСКЕУ. 19 ТАМЫЗ - Қазақстан мен Беларусьте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы күштерінің Скала-2023 және Скала-2024 деп аталатын штабтық жаттығулары өтеді.
 
Мұндай шешім 18 тамыз күні Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің он үшінші отырысында қабылданды.
 
Іс-шара Ресей ТЖМ басшысы Александр Куренковтың төрағалығымен Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан төтенше ведомстволарының басшыларының қатысуымен өтті.
 

Тараптар Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Вадим Синявскийдің кандидатурасын ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің келесі төрағасы ретінде бекітті. Тиісінше, Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасында штабтық Скала-2023 және Скала-2024 жаттығуларын өткізу туралы шешім қабылданды", – делінген ҰҚШҰ хабарламасында.

 
Ақпарат көзі: exclusive.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны