20.11.2022, 11:01 10586

Қазақстанда заңсыз әкетілген қаражатты қайтару туралы заң қабылдануы мүмкін

Қазақстанда заңсыз әкетілген қаражатты қайтару туралы заң қабылдануы мүмкін
Астана. 20 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қасым-Жомарт Тоқаев елден заңсыз шығарылған капиталды қайтару туралы пікір білдірді.
 

Түрлі бағалауларға қарағанда, тәуелсіздік жылдарында Қазақстаннан 50-ден 150 млрд долларға дейін актив шығарылған деген мәліметтер бар. Осы қаражаттың Қазақстанға қайтуы үшін не қажет деп ойлайсыз? Адамдардың еркі ме, әлде мемлекеттің жоспарлы жұмысы керек пе?", - деп сұрады журналист.

 

Мемлекеттің жоспарлы жұмысы жалғаса береді. Мен бұл туралы бұрын да айттым. Бас прокурор басшылық ететін арнайы комиссия құрылды. Бұл шаруаны өзім жеке үйлестіремін. Уақыт өте келе біз елімізден заңсыз шығарылған капиталды қайтару бойынша заң қабылдауымыз керек деп топшылаймын. Өз еркімен қайтару туралы айтсақ, оны қолдаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны