15.02.2022, 17:10 19826

Қазақстанда жаңа Су кодексінің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Қазақстанда жаңа Су кодексінің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. 15 АҚПАН - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР жаңа Су кодексінің тұжырымдамасын әзірлеу туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жаңа Су кодексін әзірлеу мақсатында, Министірлікпен реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты дайындалды. Ол бойынша қоғамдық талқылау басталды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
 

Сарапшылардың қатысуымен тиісті жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, жаңа Су кодексінің тұжырымдамасын әзірлеуге кірістік", — деді экология министрі. 

 
Жаңа Су кодексінің негізгі бағыттары мынадай: 
 
  • Бірінші. Елдің су-ресурстық әлеуетін сақтау. 
  • Екінші. Су пайдаланушыларды су үнемдеу технологияларын пайдалануға ынталандыратын тетіктерді айқындау. 
  • Үшінші. Су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуды қолдау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдануды ынталандыратын тариф белгілеу моделін құру. 
  • Төртінші. Қазақстанның су ресурстары әлеуетін есепке алу және болжау, мониторингілеуді цифрландыру, сондай-ақ су ресурстарын басқарудағы ғылымның рөлін арттыру. 
  • Бесінші. Ұлттық заңнаманы халықаралық құқық қағидаттарымен үйлестіру. 
 
Жаңа Су кодексінің жобасын Парламент Мәжілісіне келесі жылдың желтоқсан айында енгізу жоспарланып отыр.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, автокөліктен кәдеге жарату алымы бойынша мөлшерлемелер ақпан айының соңына дейін қайта қаралады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны