08.09.2025, 15:51 41426

Бақытжан Базарбек алдағы референдум жөнінде: Парламентке қатысты шешімді халық жасайды

Бақытжан Базарбек алдағы референдум жөнінде: Парламентке қатысты шешімді халық жасайды
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Мемлекет басшысының бір палаталы Парламент құру үшін 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізу жөніндегі ұсынысына пікір айтты, деп хабарлайды Inform.kz.

- Егер бір палаталы Парламент құрылса, қаражат үнемделеді. Бұл тұрғыда депутаттар саны да өзгеруі мүмкін. Қазір алдын ала пайым жасау қиын. Алдымен, 2027 жылғы референдумды күтейік. Референдумда халық қалай шешсе, солай болады, - деді Б. Базарбек Президент Жолдауынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда депутат қазір Парламент Мәжілісі де, Сенат та өз қызметін орындап жатқанын, қос палата миссиясын тиісті деңгейде атқарып отырғанын айтты.

- Бірақ, біз саяси реформаларға көшуіміз керек. Бұл ретте, Президенттің бүгінгі бастамасын толығымен қолдаймын. Мемлекет басшысы Жолдау барысында парламенттік реформаға ерекше тоқталды. Сондықтан референдумнан кейін көп нәрсе өзгеруі мүмкін, - деді Бақытжан Базарбек.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны