08.05.2026, 11:05 1086
Балалардың профилактикалық тексерулері мен мектеп медицинасының форматы айтарлықтай жаңартылмақ
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасы шеңберінде балалардың профилактикалық тексерулерін толық цифрландыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аппараттық кеңес барысында ведомство басшысы мектеп жасындағы балаларды профилактикалық медициналық тексерудің қолданыстағы моделі жеткілікті деңгейде тиімді еместігін және формалды сипатта қалып отырғанын атап өтті. Қазіргі таңда басымдық диагностика сапасына емес, сандық көрсеткіштерге берілуде.
Қолданыстағы мәселелерді шешу үшін профилактикалық тексерулердің қазіргі моделін өзгерту, нәтижелерді өңдеуге арналған цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ функциялардың бір бөлігін орта буын медицина қызметкерлеріне беру көзделіп отыр.
Бейінді мамандар тапшылығы мен медицина қызметкерлеріне түсетін жоғары жүктеме бір баланы қарауға бөлінетін уақыттың қысқаруына, үстірт диагностикаға және денсаулықтағы бұзушылықтарды анықтау деңгейінің төмен болуына алып келуде. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен мүгедектігі бар балаларды есепке алу мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр", - деді өз баяндамасында Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.
Балаларды профилактикалық медициналық тексеру жүйесін жетілдіру мақсатында білім беру ұйымдарын цифрлық электрокардиографтармен, пульсоксиметрлермен, бой-өлшеуіш және таразылармен, отоскоптармен, сондай-ақ деректерді автоматты түрде жіберетін телемедициналық кешендермен жабдықтау жоспарлануда.
Алдағы уақытта интраоральды камералармен, плантографтармен және авторефрактометрлермен қосымша жарақтандыру көзделген.
Министр балалардың профилактикалық медициналық тексерулерін толық цифрландыруды және барлық деректерді Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне интеграциялауды, сондай-ақ баланың электрондық денсаулық паспортын қалыптастыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
Балалардың денсаулығына қатысты барлық деректер жүйелі түрде жинақталып, талданып және адам өмірінің барлық кезеңінде сүйемелденуі тиіс. Бұл бақылаудың сабақтастығын қамтамасыз етіп, ауруларды ерте анықтаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ведомство басшысы.
А. Әлназарова 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептерінде профилактикалық тексерулер мен мектеп медицинасының жаңартылған форматын кезең-кезеңімен енгізуді бастау жөнінде тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.05.2026, 13:14 2461
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке өңдеу өнеркәсібінде жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы ақпарат берілді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына тоқталды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жайында айтылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, отандық тауар өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 10:36 70091
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Жеңіс күніне орай Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Шараға қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан қазақстандық майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жеңіс күні бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын, ұрпақтар сабақтастығы мен татулықты және ел тыныштығын сақтау жауапкершілігін жадымызда жаңғыртатын тарихтағы ең атаулы күндердің бірі болып қала береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 10:26 70596
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады
Достарға айту
Президент Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаған отандасымыз жанқиярлықпен шайқасып, аянбай жұмыс істеп, әскерді керек-жарақпен қамтамасыз еткенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қымбатты отандастар!
Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін біз майдан даласында Отан үшін от кешіп, ерлік жасаған жауынгерлерге және тылда табанды еңбек еткен ардагерлерге шынайы ризашылық сезіммен тағзым етеміз. Қасіретті жылдардың барлық ауыртпалығын қайыспай көтеріп, Жеңіске жеткен аға буынға айрықша құрмет көрсетеміз.
Еліміз ортақ Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаған отандасымыз жанқиярлықпен шайқасты, аянбай жұмыс істеп, әскерді керек-жарақпен қамтамасыз етті. Жүзден астам жерлесіміз "Даңқ" орденінің толық кавалері атанды, бес жүз адам Батыр атағын алды, ондаған мың азамат жауынгерлік ерлігі және қажырлы еңбегі үшін марапатталды.
Біз аға буынның өшпес даңқын ешқашан ұмытпаймыз. Жаужүрек сардарлар мен сарбаздардың құрметіне мемориалдар орнатылды, кітаптар шығарылып, фильмдер түсірілді, сондай-ақ көшелерге, мектептерге, музейлерге, әуежайларға, әскери бөлімдер мен институттарға ел қорғаған ерлердің есімі беріліп жатыр.
Қаһарман ардагерлеріміздің ерен ерлігінің мән-мағынасын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру - бүгінгі буынның қасиетті парызы. Біз ержүрек майдангерлердің қайтпас қайсарлығы мен асқақ рухының арқасында дербес әрі бейбіт елде өмір сүріп келеміз, сондай-ақ, төл мәдениетімізді дамытып, қазіргі заманның игілігін сезініп отырмыз.
Қазақстанды бүкіл әлем біледі және құрметтейді. Біз жаңа Конституция ережелеріне сәйкес Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ата заңымыз ешкімді ұлтына, наным-сеніміне қарай бөліп-жармайды, барлық азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бірдей қорғайды.
Ұлы Жеңіс күні - ең алдымен, жауынгерлік ерлігі мен жігерлі еңбегінің арқасында мамыражай заманға жеткізген батырларымыздың есімін ел жадында жаңғырту күні. Бұл - ұлан-асыр тойға емес, мәнді әрі мағыналы ойға шақыратын мереке.
Халқымыздың бейбіт өмірге және өсіп-өркендеуге ұмтылысының айқын көрінісі іспеттес көк байрағымыз әрдайым ашық аспан астында желбіресін!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 20:24 2191
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жұмыстары күшейтілуде
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру барысы жөніндегі Денсаулық сақтау министрлігінің есептері тыңдалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ең алдымен, Аида Балаеваға денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау жұмыстары туралы баяндалды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов e-Densaulyq бірыңғай архитектурасы аясында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді кезең-кезеңімен біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Негізгі мақсат - бытыраңқы цифрлық шешімдерден бас тартып, деректер бір рет қалыптастырылып, салаға қатысушы барлық тарап қайта енгізусіз пайдалана алатын бірыңғай жүйеге көшу.
Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелер 7 негізгі цифрлық компонентке біріктірілуде. Жүйелерді кезең-кезеңімен іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр: жыл соңына дейін Бірыңғай денсаулық сақтау порталын және Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар Бірыңғай медициналық деректер қоймасын енгізу жұмыстары жалғасуда.
Жалпы, Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені іске асыру процестердің ашықтығын қамтамасыз етіп, медицина қызметкерлеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және саланы басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа архитектураның негізгі элементі Бірыңғай медициналық деректер қоймасы болмақ. Қазіргі уақытта оған 12-ден астам медициналық ақпараттық жүйе қосылған. Соның негізінде пациенттің Электрондық денсаулық паспорты қалыптастырылады. Онда өңіріне немесе медициналық ұйымына қарамастан, пациентке көрсетілген медициналық көмектің толық тарихы жинақталады.
Бұл дәрігер үшін әртүрлі жүйелер арасында ауысып отырмай, "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істеуге жол ашады. Медицина қызметкері пациенттің ауру тарихын, талдау нәтижелерін, тағайындауларды және бұған дейін көрсетілген қызметтерді бір жерден көре алады. Ал пациент үшін бұл медициналық қызмет алу уақытын қысқартып, медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірқатар практикалық цифрлық жобалар іске асырылуда. Олардың қатарында жедел медициналық көмек бригадалары мен алғашқы медициналық-санитариялық көмектің мобильді бригадалары үшін смарт-бейнежетондарды енгізу, интеллектуалды бейнеаналитика элементтері бар кешенді бейнебақылау жүйесін құру, дәрілік заттар мен вакциналарды сақтау жағдайын бақылауға арналған "Суық тізбек" жүйесін дамыту, сондай-ақ ауылдық медициналық ұйымдар үшін телемедицина сервистерін кеңейту бар.
Кеңес барысында ауылдық елді мекен тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, алғашқы медициналық-санитариялық көмек инфрақұрылымын дамытуға, орталық аудандық ауруханаларды жаңғыртуға және саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған Ұлттық жобаны іске асыру нәтижелері де қаралды.
Бүгінде жоспарланған 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысанының құрылысы толық аяқталды. Оның 639-ы аудандық ауруханалардың балансына берілді, 587 нысан бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия алынды. Сонымен қатар 32 орталық аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева денсаулық сақтау саласының цифрлық инфрақұрылымын дамыту жұмысын жалғастыруды, Ұлттық жоба аясындағы іс-шаралардың уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ бұл бағыттағы жұмысты облыс әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде жеке бақылауға алуды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 19:07 2706
Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр.
Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары - Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 12:33 70361
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Қызылорда облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиын барысында Мемлекет басшысының Қызылорда облысының әкімі лауазымына екі кандидатты: Ардақ Зебешев және Мұрат Ергешбаевты ұсыну туралы хаты оқылды.
Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 81% депутат Мұрат Ергешбаевтың кандидатурасын қолдады. 19% депутат Ардақ Зебешевке дауыс берді.
ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып Мұрат Ергешбаев тағайындалды.
Олжас Бектенов облыс активімен кездесуде Мемлекет басшысының атынан Нұрлыбек Нәлібаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 4 жылда 2 есеге артып, 3,7 трлн теңгеге жетті. Инвестиция тарту, әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды салу және жаңғырту, абаттандыру және басқа да салалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Премьер-министр облыс активіне өңірдің жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевты таныстырып, Президенттің Қызылорда облысы басшылығының алдына бірқатар басым міндет қойғанын атап өтті. Бұл - бірінші кезекте Мемлекет басшысының бастамасымен елімізді әрі қарай жаңғыртуға бағытталған, халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономика салаларын әртараптандыру және цифрландыру, инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту сынды өзге де басым бағыттарға бағдарланған конституциялық реформаны жүзеге асыру.
Президенттің бастамасымен елімізде маңызды саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілуде. "Әділетті Қазақстан" тұжырымдамасының нәтижелі жүзеге асырылуы осы отырған бәрімізге байланысты екенін айтқым келеді. Мемлекет басшысы Қызылорда облысының дамуын үнемі назарда ұстап келеді. Мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық құрылым мен қоғам бірлесіп жұмыс істеуі қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов. Сонымен қатар Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.
Өңір басшылығы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер ететін маңызды жобалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуі керек. Президенттің бастамасымен Қызылорда қаласында қуаты 240 МВт болатын жаңа газ ЖЭО-сы салынып, пайдалануға берілді, ол халықтың электр және жылу энергиясына деген сұранысын толығымен жабуға мүмкіндік береді. Ірі энергетикалық жобаға 215 млрд теңге көлемінде инвестиция салынды.
Сонымен қатар Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілді, оған республикалық бюджеттен 26 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
АӨК саласында ауыл шаруашылығы дақылдары көлемін оңтайландыру және су үнемдеу технологияларын енгізу міндеттерінің маңыздылығы атап өтілді.
Кәсіпкерлік белсенділікті қолдау арқылы шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуға және олардың өңір экономикасындағы үлесін одан әрі арттыруға назар аударылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 24,7%-ды құрады.
Сондай-ақ талдау және бюджет қаражатын тиімді жұмсау бойынша тәжірибені жалғастыру қажет. Қызылорда облысында кейінгі 4 жылда әлеуметтік салада 100 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына тосқауыл қойылды. Үнемделген қаржы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 10:01 76
Ақмола облысында 1700-ден астам тұрғын медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін электрондық кезек қызметін пайдаланды
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді жетілдіру аясында офлайн мүгедектікті белгілеу кезінде электрондық кезек енгізу жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы нәтижелерін жариялады. Жоба Ақмола облысында 2025 жылғы 20 қарашадан бастап іске қосылғалы бері жаңа цифрлық қызметті 1700-ден астам азамат сәтті пайдаланған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл бастама қызмет алушыларға медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне алдын ала жазылу арқылы баруын жоспарлауға мүмкіндік береді. Жүйенің енгізілуі азаматтарға өзіне қолайлы күн мен уақытты таңдауға жағдай жасап, мемлекеттік қызметті алу үдерісінің ыңғайлылығын арттырып, кезекте ұзақ күтуді болдырмайды.
Жазылу рәсімі Әлеуметтік қызметтер порталында (aleumet.egov.kz) жүзеге асырылған және пайдаланушылар үшін барынша жеңілдетілген. Уақытты брондау үшін азамат порталға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы кіріп, жеке кабинеттен қажетті қызметті таңдаса жеткілікті. Жүйе өтініш берушінің тұрғылықты жеріне қарай тиісті медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімін автоматты түрде анықтайды.
Брондау рәсімі аяқталғаннан кейін пайдаланушының ұялы телефонына күні, уақыты, бөлімшенің мекенжайы және талон нөмірі көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Пайдаланушылар үшін қосымша ыңғайлы функция - қабылдау уақытына үш күн қалғанда SMS-ескертудің қайта жолдануы. Қажет болған жағдайда азаматтар жеке кабинеті арқылы жазылудың күшін жоя алады. Белгіленген уақытта келмеген жағдайда жүйе жазбаны автоматты түрде жойып, бұл туралы пайдаланушыға хабарлама жібереді.
Ақмола облысындағы пилоттық жоба биылғы желтоқсанға дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша Министрлік жүйенің тиімділігіне талдау жүргізіп, электрондық кезекті елдің барлық өңірлеріне енгізу туралы шешім қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2026, 09:04 112506
ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
7 мамыр - Отан қорғаушы күніне орай облыс орталығындағы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, құқық қорғау органдарының басшылары, әскерилер, түрлі сала мен ұйымдар өкілдері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубтарының мүшелері мен жастар қатысты.
Бүгін біз ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің сақталуына үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетіп, ерлігі аңызға айналған батыр бабаларымыздың даңқты жолын кейінгі ұрпаққа үлгі етеміз. Отан қорғау - қасиетті парыз әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан бұл мереке әр азамат үшін ерекше мәнге ие. Салтанатты жиынның Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов ескерткіші жанында өтуінің символдық маңызы зор. Ол майдан даласында ерлік көрсетіп, ел басына күн туған шақта батырлықтың биік үлгісін танытты", - деді облыс әкімі.
Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде бүгінгі сарбаздар мен офицерлер - осы даңқты жолдың лайықты жалғастырушылары екендігін жеткізді.
Одан соң жемісті еңбек етіп жүрген әскерилер, құқық қорғау органдары мен ТЖД қызметкерлері мерекеге орай облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Шара соңында жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.05.2026, 09:51Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады 12.05.2026, 08:26 481Мұнай өңдеу тереңдігі ашық өнімдер өндірісінің өсуі аясында 90%-ға жетті
09.05.2026, 10:20 140376Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді08.05.2026, 09:04 113306ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды09.05.2026, 10:26 70591Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады08.05.2026, 12:33 70356Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды09.05.2026, 10:36 70086Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
13.04.2026, 21:35 474626Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 474536Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады474496Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады17.04.2026, 20:43 439796Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты17.04.2026, 18:46 439311Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

