12.05.2026, 18:05 666
Батыс Қазақстан облысында жел электр станциясының құрылысы басталады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Бүгін қуаты 50 МВт болатын энергетикалық нысанның құрылыс алаңында уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, қытайлық инвестор қатысты, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жел электр станциясын салу үшін 140 га жер телімі берілген. Аукцион нәтижесінде маңызды жобаны қолға алған "GREEN ENERGY INDUSTRIAL COMPANY CENTRAL ASIA" ЖШС директоры Гао Венкеның айтуынша, инвестиция көлемі - 21 млрд теңге. 8 ай бұрын аумақта анемометр орнатылған. Метеорологиялық құрылғының көмегімен анықталған желдің жылдамдығы станцияның қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Жоба өңір экономикасының дамуына серпін беріп, инвестициялық тартымдылықты арттырады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Құрылыс осы айда басталып, келесі жылы толық аяқталады. Кепілдік мерзімі - 20 жыл. 5 адам тұрақты, 50 адам маусымдық жұмыспен қамтылады.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүйелі жалғасатынын жеткізді. Жуырда Жәнібек ауданының Өнеге ауылында гибридті электр станциясының құрылысы басталады. Жоба нәтижесінде өңір импортқа тәуелділіктен арылады. Кейінгі 3 жылдың өзінде облысты энергиямен жабдықтауға 44 млрд теңгеден астам қаржы бағытталса, биыл 20 млрд теңге бөлінді. 2029 жылға қарай электр желілерінің тозу деңгейін 11 пайызға төмендету жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.05.2026, 16:45 4556
ШҚО-да ауылды дамытуға бағытталған жаңа жоба басталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Манат ауылында ауыл тұрғындары үшін таңқурай алқабын отырғызу жобасы сәтті жүзеге асырылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Аталған жоба Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен қолға алынып, ауылдық аумақтарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындар үшін тұрақты табыс көздерін қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара аясында таңқурай көшеттері отырғызылып, жобаны алдағы уақытта кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, жастардың ауылға оралуына және ауылдық жерлерде өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылды. Осындай бастамалар жастарға кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа мүмкіндіктерді игеруге және туған жерінде еңбек етуге үлкен серпін береді.
Шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ауыл тұрғындары мен жастар белсенді қатысты. Кездесу жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, ауылдың болашағына деген сенім мен бірлікті нығайтты.
Мұндай жобалар ауылдың кешенді дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуына және өңір экономикасының нығаюына өз үлесін қоса береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 16:16 5946
Облыстық туризм басқармасының басшысы тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ибрашев Ерсін Темірбекұлы Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Жетісу облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
1989 жылы туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ҚХР-дың Бейжің қаласында алған.
2014 жылдан 2018 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді. Кейін мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын жалғастырды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын сараптау басқармасының бас сарапшысы, Жобалауды басқару департаменті Жобалауды басқару жөніндегі мемлекеттік органдарды үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, басқарма басшысы, Жобалық басқару саясаты департаменті Мемлекеттік органдарды жобалық басқару бойынша үйлестіру және қолдап отыру басқармасының басшысы, Ұлттық экономика министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары болды.
2024 жылдың қараша айынан - Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 15:39 6561
Олжас Бектенов шегірткенің таралу қаупіне мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы қорғаныс шараларын күшейтуді тапсырды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шегірткенің таралу қаупіне байланысты мониторинг жүргізіп, алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Шегірткенің таралу қаупін ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірге жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы профилактикалық және қорғаныс шараларын қабылдасын. Олардың таралу болжамдарын қайта қарап, шұғыл әрекет ету үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының назарын Қазақстанда және көрші елдерде шегірткенің таралуына байланысты қалыптасқан ахуалға аударды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов биыл көршілес мемлекеттерде шегіртке зиянкестерінің шамамен 1,2 млн гектар аумаққа таралуы болжанып отырғанын баяндады. Шекара маңындағы аумақтарында тұрақты мониторинг жүргізілуде, зиянкестердің ұшып келу қаупі туындаған жағдайда химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша техниканы тарту көзделген. Жалпы республика бойынша 2,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін өңдеу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жұмыстар басталып, қажетті техника, мамандар мен препараттар дайындалды.
Мұнда ең бастысы - уақытты жіберіп алмау. Техника да, химиялық заттар да бар, барлық жұмысты дер кезінде жүргізу қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 14:35 6856
Олжас Бектенов егіншілерді жеңілдетілген отынмен, тыңайтқыштардың қажетті көлемімен және өзекті метеорологиялық болжамдармен уақтылы қамтамасыз етуді тапсырды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов егіс жұмыстарын жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар беріп, агротехнологиялық талаптарды қатаң сақтау және шаруаларды жанар-жағармаймен уақтылы қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Агротехнологиялық талаптар белгіленген нормаларға сәйкес мүлтіксіз орындалуы тиіс. Биыл 2,3 млн тонна тыңайтқыш себу және элиталық тұқымдардың үлесін 11,7%-ға дейін жеткізу жоспары бекітілді. Аталған көрсеткіштерге толық көлемде қол жеткізу керек. Сонымен қатар өсімдіктерді қорғау шараларын уақтылы жүргізіп, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмысын жалғастыру маңызды. Жеңілдетілген отынның жеткізілуін және оның мақсатты пайдаланылуын тұрақты бақылауда ұстау қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ тиісті ведомствоға егіс науқаны кезінде метеорологиялық болжамдарды жедел жеткізу тапсырылды.
Ауа райы жағдайларына мониторинг жүргізуге ерекше назар аударған жөн. Экология министрлігі жедел шешімдер қабылдау үшін егіншілерге өзекті метеорологиялық болжамдарды уақтылы беруді қамтамасыз етсін", - деп атап өтті Премьер-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 12:24 7486
Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Әртараптандыру қағидаттарын енгізу және жоғары сұранысқа ие дақылдарға баса ден қою ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етуге және бағаның ауытқу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылдың көлемінен 180 мың гектарға артық. Майлы дақылдар алқабы 4 млн гектардан, жемшөп дақылдары алқабы 3,3 млн гектардан асады. Қайта өңдеу жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында жүгері алқабы 265 мың гектарға дейін кеңейтілді, ал ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп отырғызу 10 мың гектарға ұлғаяды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Осы жылы бидай алқабы 125 мың гектарға қысқарып, 12,1 млн гектарды құрайды, сондай-ақ су ресурстарын үнемдеу мақсатында күріш алқаптары 20,2 мың гектарға оңтайландырылды, бұл ретте тамшылатып суаруға арналған мақта алқаптары 29,8 мың гектарға ұлғаяды. Егістіктердің бекітілген құрылымы егіннің қажетті көлемін алуға және сыртқы сұраныс конъюнктурасын ескеруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті вице-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 11:30 7156
Қазақстанда егіс науқанының мониторингі үшін ЖИ элементтері бар цифрлық платформа енгізілуде
Достарға айту
Цифрлық технологияларды пайдалану және тұқым сапасын қадағалауды күшейту өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болады. Үкімет отырысында саланы цифрландыру және агротехнологиялық іс-шараларды қамтамасыз ету туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрілігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп егін егу барысы туралы деректерді жинауға арналған платформа әзірлеп шығарған, ол қазір пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Болашақта өндірісті талдау және болжау үшін жүйеге жасанды интеллект элементтері енгізіледі. Сонымен қатар тұқым сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде: жалпы қажеттілік стандарт бойынша 1-ші және 2-сыныптарға сәйкес келетін 2,3 млн тоннаны құрайды. Тыңайтқыштардың ішкі нарықтағы бағасы да белгілі бір межеде бекітілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сәуір айынан бастап элеваторларды салу мен жаңғыртуды жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды. Біз осы тапсырманы жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірледік, онда негізгі қаржыландыру критерийлері мен астық сақтау нысандарын салу және жаңғырту жөніндегі индикаторлар көзделген. Қаржыландыруды толық қамтамасыз ете отырып, элеваторлардық қуатын 1 млн тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда", - деді Азат Сұлтанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.05.2026, 13:14 11171
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке өңдеу өнеркәсібінде жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы ақпарат берілді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына тоқталды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жайында айтылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, отандық тауар өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.05.2026, 10:36 78761
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Жеңіс күніне орай Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Шараға қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан қазақстандық майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жеңіс күні бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын, ұрпақтар сабақтастығы мен татулықты және ел тыныштығын сақтау жауапкершілігін жадымызда жаңғыртатын тарихтағы ең атаулы күндердің бірі болып қала береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.05.2026, 12:24Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады 12.05.2026, 11:30 7181Қазақстанда егіс науқанының мониторингі үшін ЖИ элементтері бар цифрлық платформа енгізілуде12.05.2026, 14:35 6881Олжас Бектенов егіншілерді жеңілдетілген отынмен, тыңайтқыштардың қажетті көлемімен және өзекті метеорологиялық болжамдармен уақтылы қамтамасыз етуді тапсырды12.05.2026, 15:39 6586Олжас Бектенов шегірткенің таралу қаупіне мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы қорғаныс шараларын күшейтуді тапсырды12.05.2026, 16:16 5971Облыстық туризм басқармасының басшысы тағайындалды
09.05.2026, 10:20 140726Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді08.05.2026, 09:04 115581ШҚО әкімі Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды09.05.2026, 10:36 79661Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды09.05.2026, 10:26 78061Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады08.05.2026, 12:33 73371Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды
13.04.2026, 21:35 474641Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті14.04.2026, 09:37 474546Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда13.04.2026, 19:54 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады474506Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады17.04.2026, 20:43 439796Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты17.04.2026, 18:46 439321Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

