20.05.2025, 15:55 45621

Бектенов жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Бектенов жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды
Олжас Бектенов 1 маусымға дейін жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру мәселелерін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға жазғы маусымда балалар демалысының негізгі бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді.

Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, су айдындары мен бассейндерде құтқару жабдықтарының болуын тексеріп, персоналды суда және өрт кезінде балаларды құтқару дағдыларына оқытуды ұйымдастыру міндетін қойды.

Ішкі істер министрлігіне қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін әрбір балалар орталығы мен лагеріне, көпшілік іс-шаралар өтетін орындарға учаскелік полиция инспекторларын бекіту тапсырылды.

Балалардың жол-көлік жарақатының профилактикасы мәселесіне ерекше назар аударылды.

Спортшы-оқушылар мінген көліктердің жол апатына түсіп, қайғылы жағдайларға алып келгені баршаға аян. Сондықтан тиісті келісулер, рұқсаттар болмаса және патрульдік полиция бастап жүрмесе, спортшы балалардың өз елді мекендерінен тыс жерлерге шығуына жол бермеуді тапсырамын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.


Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау министрліктері мен өңір әкімдіктеріне жазғы демалыс кезінде тиісті қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды. Барлық ұйымдастыру мәселесі 1 маусымға дейін шешімін табуы керек.

Сонымен қатар Олжас Бектенов мүдделі мемлекеттік органдар алдына жазғы маусым алдында су айдындарында, ормандар мен жолдардағы қауіпсіздік және тәртіп ережелері бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндетін қойды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны