17.01.2023, 09:43 23131

Бейжіңде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды

ҚР және ҚХР мемлекеттік органдарының қарастыруында жатқан екіжақты құжаттардың жобаларын келістіруді белсендету ұсынылды
Бейжің. 17 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Cыртқы істер министрінің орынбасары (Министр деңгейінде) Ма Чжаосюймен кездесу барысында түрлі салалардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының толық ауқымды өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сұхбат барысында ағымдағы жылы жоспарланған жоғары және жоғарғы деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі екі елдің өзара ықпалдасуына басты назар аударылды.

Ш. Нұрышев қытайлық тарапқа Қазақстан-Қытай қатынастарына қосымша "серпін" беру және шарт-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында ҚР және ҚХР мемлекеттік органдарының қарастыруында жатқан екіжақты құжаттардың жобаларын келістіруді белсендетуді ұсынды.

Сонымен бірге, Қазақстан Елшісі сауда-экономикалық байланыстарды арттыру, Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерінде өзара әрекеттесу және тығыз ықпалдасуды нығайту, жолаушылар әуерейстерінің санын "пандемияға дейінгі" деңгейге дейін қалпына келтіру және қазақстандықтар үшін ҚХР визалық режимін жеңілдету мәселелері бойынша бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударды.

Өз тарапынан, Ма Чжаосюй көтерілген мәселелердің маңыздылығын айтып, қытайлық тараптың аталған сұрақтар бойынша белсенді өзара ықпалдасуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, ол Қытайдың сыртқы саяси мекемесі ағымдағы жылы жоспарланған іс-шараларды ойдағыдай ұйымдастыру мақсатында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігімен тығыз әрекеттесуге әзір екенін хабарлады.

Кездесудің соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы және өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның негізгі экспорттық серіктестері Италия, Қытай және Ресей болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны