24.04.2018, 13:40 4340

Биыл оӊтүстіктен солтүстікке 665 отбасын көшіру жоспарланған

Бүгінде Үкімет тарапынан қоныс аударушыларға жағдай жасау үшін заӊнамаларға өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, солтүстік аймақтарға көшу үшін отбасыныӊ әрбір мүшесіне 84175 теӊге мөлшерінде қаржылай көмек беріледі. Бір жыл бойы үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін 72150 теӊгеге дейін қаржы төленеді. Сондай-ақ, жаӊа жұмыс орнын ашып, 5 қоныс аударушыны 3 жыл мерзімге тұрақты жұмыспен қамтыған азаматқа әрбір жұмыскер үшін 1082250 теӊге субсидия қаралған.

Шымкент. 24 сәуір. KazakhstanToday - Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігініӊ ұйымдастыруымен Шымкент қаласы мен Сайрам ауданында ішкі көші-қон және қоныстандыру мәселесіне байланысты жәрмеӊке өткізілді. Онда өзге өӊірлерден келген делегаттар бос жұмыс орындарын ұсынып, оӊтүстікқазақстандықтарды еліміздіӊ солтүстік аймақтарына қоныс аударуға шақырды.

Ондағы мақсат - Елбасыныӊ тапсырмасына сәйкес еліміздегі ішкі көші-қон процестерін реттеу және еӊбек ресурстарыныӊ теӊгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру, еӊбек күші мол аймақтан, еӊбек күші жетіспейтін өӊірлерге халықты өз еріктерімен қоныстандыру.

Шара барысында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген қонақтар халыққа жүздеген бос жұмыс орындарын ұсынды. Олардыӊ қатарында мемлекеттік қызметтен бастап білім, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салалар бар. Сондай-ақ, жеке кәсіп ашып, бизнеспен айналысқысы келетін азаматтарға мемлекет тарапынан тұрғын үй, жер, әлеуметтік пакет беріліп, әкімдіктіӊ тұрақты бақылауында болатыны айтылды.

Оӊтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы М.Отаршиев өз сөзінде атқарылып жатқан шараларды тұрғындар оӊ бағалап, нәтижесінде қоныс аударатындардыӊ қатары артып келе жатқанын айтты.

"Халқы тығыз орналасқан аудандарда жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарыныӊ нәтижесінде аталған облыстарға көшуге ниет білдіргендер баршылық. Мәселен, 2015-2017 жылдары 1392 мүшесі бар 347 отбасы солтүстік өӊірдерге қоныс аударды. Көшіп барған әрбір жанұяныӊ кемінде бір адамы жұмыспен қамтылып, түрлі салада жемісті жұмыстар атқарып келеді. Ал, биыл 665 отбасы қоныс аударады деп жоспарлануда", - деді Мұхит Отаршиев.

Бүгінде Үкімет тарапынан қоныс аударушыларға жағдай жасау үшін заӊнамаларға өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, солтүстік аймақтарға көшу үшін отбасыныӊ әрбір мүшесіне 84175 теӊге мөлшерінде қаржылай көмек беріледі. Бір жыл бойы үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін 72150 теӊгеге дейін қаржы төленеді. Сондай-ақ, жаӊа жұмыс орнын ашып, 5 қоныс аударушыны 3 жыл мерзімге тұрақты жұмыспен қамтыған азаматқа әрбір жұмыскер үшін 1082250 теӊге субсидия қаралған.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны