Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Үкімет отырысында 2024 жылы тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жекешелендіру құқығымен ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйі бойынша ЖАО облигацияларын сатып алу есебінен қаржыландырудың жалпы жоспары 17,3 мың пәтер сатып алу үшін 272 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда "Самұрық-Қазына" АҚ-ның бөлінген қаражаты есебінен әкімдіктердің 248,5 млрд теңгеге немесе жылдық жоспардың 91%-на облигациялары сатып алынды. Әкімдіктерге 23,5 млрд теңгеге соңғы траншты беру "Самұрық-Қазына" АҚ қаражатын алғаннан кейін осы жылдың 17 желтоқсанына жоспарланған", - деп атап өтті Рустам Қарағойшин.
Сонымен қатар биылғы шілде айында Астана қаласында реновациялау бағдарламасын қаржыландыру үшін ЖАО-ның 25 млрд теңгеге облигациялары сатып алынды. Сондай-ақ әлеуметтік тұрғын үй құрылысының қарқынын сақтау мақсатында 2025 жылы Ұлттық банктің бөлген қаражатын (8,74%-бен) және Ұлттық қордың қайтарымды қаражатын (0,35%-бен) араластыру тетігін іске қосу ұсынылады. Бұл облигациялық қарыздар арқылы өңірлерге жылдық 4,25% орташа мөлшерлеме бойынша шамамен 160 млрд теңгені бағыттауға мүмкіндік береді", - деді Холдингтің басқарма төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

