10.02.2015, 19:55 3868

Д. Назарбаева Италияныӊ Қазақстандағы елшісіІ С.Раваньянмен кездесті

Парламент Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары Дариға Назарбаева Италияныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Стефано Раваньянды өз өтініші бойынша қабылдады

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Парламент Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары Дариға Назарбаева Италияныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Стефано Раваньянды өз өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тараптар қазақстандық-италяндық ынтымақтастық жайын талқылап, Миланда және Астанада ЭКСПО-2015 және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу мәселелерін сөз етті. Парламентаралық байланысты кеӊейту сұрақтары да назардан тыс қалмады.

Халықаралық күн тәртібіне де айрықша назар аударылды. Стефано Раваньян, Қазақстан Президентініӊ мықты саяси тәжірибесін алға тарта келіп, өзекті халықаралық мәселелерді шешуде көрегендік танытудыӊ маӊыздылығына тоқталды.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны