07.12.2023, 17:07 79341

Душанбеде көлік және транзитті дамыту мәселелері талқыланды

Кездесу барысында екі елдің көлік және транзит саласындағы ынтымақтастығын жандандыру мәселелері талқыланды
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының Көлік министрі Азим Иброхиммен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында екі елдің көлік және транзит саласындағы ынтымақтастығын жандандыру, оның ішінде Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның 2023 жылғы 3-4 мамырда Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша мемлекет басшылары берген тапсырмаларын іске асыру шеңберіндегі мәселелері талқыланды.

Тараптар екі ел арасындағы жүктерді экспорттық-импорттық тасымалдау көлемінің үдемелі ұлғаюын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстан мен Тәжікстан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны