28.01.2022, 17:00 63491

Экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" басшысы екі айға қамауға алынды

ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді.
Экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" басшысы екі айға қамауға алынды
Сурет: depositphotos.com
НҰР-СҰЛТАН. 28 ҚАҢТАР - Сот Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2022 жылғы 27 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер А.А. Пірімқұлов, М.К. Құмарғалиевке қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
 
ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. 26 қаңтарда олардың ұсталғаны белгілі болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны