30.12.2010, 13:17 4356

Елбасы iшкi iстер органдары мен прокуратура органдарының қызметiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қосымша шараларды қабылдауға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында iшкi iстер органдарының қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 30 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қосымша шараларды қабылдауға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында iшкi iстер органдарының қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұрын хабарлағанымыздай, заң жобасының негізгі мақсаты қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында iшкi iстер органдарының қызметiн жетiлдiру, қару-жарақ айналымына қойылатын бақылауды күшейту, мемлекеттік органдар арасындағы қызметтерді бөлу болып табылады.

Сонымен қатар, елбасы прокуратураның қадағалау қызметінің тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқығын қорғауды одан әрі күшейтуге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыруды жетілдіруге, құқық қорғау қызметін үйлестіруе прокуратура органдарының рөлі мен орнын заңды тұрғыда бекітуге бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны