20.12.2019, 17:18 44300

Елбасы ТМД елдері көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Басқосудан соң ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысушылар аталған тарихи және деректі көрмені бірге аралады.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД елдері көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Бейресми кездесу барысында Достастық елдерінің көшбасшылары жылды қорытындылап, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Жиын барысында Ресей Президенті Владимир Путин делегация басшыларына "1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы" атты көрмеде ұсынылған тарихи құжаттардың мазмұнына тоқталды.

Басқосудан соң ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысушылар аталған тарихи және деректі көрмені бірге аралады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны