Елімізде 5,5 мың рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыс орындары анықталды
Тиісті инфрақұрылым жасалып, халықтың қалдықтармен жұмыс істеу мәдениеті қалыптасқан. Бұл Еуропа елдеріне қалдықтарды өңдеу көрсеткішін 50%-ға жеткізуге мүмкіндік берді. Бүгінде Швеция елі тұрмыстық қалдықтардың 99%-ын қайта өңдеп, пайдаға жаратып отыр. Жыл сайын Қазақстанда 4,5 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады", - деді Әлихан Смайылов.
Осы жылдың наурыз - қыркүйек аралығында ғана 5,5 мың рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыс орындары табылды. Бұл ретте, әкімшілік айыппұл салу жағдайды жақсартпай отыр. Яғни, қоқысты полигонға апарып тастағаннан гөрі, айыппұл төлей салған тиімді болып тұр. Мұндай тәсілді өзгерту керек. Қалдықтармен жұмыс істеудің және оны кәдеге жаратудың нақты жүйесін қалыптастыру қажет", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Швеция, Франция, Жапония сияқты әлемнің кейбір елдерінде зауыттар үлкен жерді алып отырған жоқ, онда түтін мен иіс шығармайтын технологиялар қолданылады. Соның арқасында түтін де, иіс те болмайды", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Жаслан Мәдиев ЖИ-ді мемлекеттік секторда енгізу үшін басшыларды даярлауға арналған AI Governance 500 бағдарламасының іске қосылуына қатысты
Мақсатымыз - мемлекетті адамдар мен экономика үшін жылдам әрі тиімді ету. AI Governance 500 бағдарламасы деректерге негізделген басқару, бірыңғай жүйе және өтпелі үрдістер арқылы жасанды интеллектіні жүйелі түрде енгізетін басшылар, яғни "цифрлық офицерлер" пулын қалыптастырады. Бұл жұмыста әрбір басшы шешуші рөл атқарады, өз саласында цифрлық және ЖИ-шешімдерді енгізуге жауап береді. Сондықтан әрқайсымыз үшін ойлау жүйесі мен басқарушылық тәсілдерді қайта қарау арқылы "цифрлық офицерге" айналу маңызды", - деп атап өтті ҚР Премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Үкімет Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын мақұлдады
- Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің асыл тұқымды мал басын сатып алуға жылдық 6% жеңілдікпен несие беру бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Қаржыландыруға жылдық қажеттілік 300 млрд теңгені құрайды. Бұл шараны жүзеге асыру табынның жаңаруын жеделдетуге және мал шаруашылығының генетикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
- Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту және жайылымдық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін биыл қаржыландыру көлемі 50 млрд теңге болатын жылдық мөлшерлемесі 6%-бен бірыңғай жеңілдікті несие беру көзделген.
- Қосымша 50 млрд теңге көлемінде мал азығын дайындау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға жылдық мөлшерлемесі 5%-бен жеңілдікпен қаржыландыру қарастырылып отыр.
- Сондай-ақ мал шаруашылығының бағыттары бойынша айналым қаражатын толықтыру үшін жалпы сомасы 225 млрд теңгені құрайтын, жылдық мөлшерлемесі 5%-бен жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Қаржыландыруды қолжетімді ете түсу үшін "Даму" қоры арқылы қарыздарға кепілдік беру тетігін қолдану көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қызылорда облысында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті
Мамандар даярлауда формалды тәсілден арылатын уақыт келді. Әкімдіктер кадр даярлау жұмысын алдын ала жоспарлап, білім беру тапсырысын нақты бағыттар бойынша жүргізуі тиіс. Өңірлік қолдау тетіктері, оның ішінде әкім гранттары мен өңірлік гранттар да болуы керек. Егер қандай да бір бағыттар нәтиже бермей, экономиканың сұранысына сәйкес келмесе, онда нақты шешімдер қабылдау қажет. Тіпті жекелеген факультеттерді оңтайландыруға дейін бару керек", - деді Аида Балаева.
Біз үшін басты міндет - ауруды емдеуден бұрын, оның алдын алу шараларын жүйелі түрде күшейту. Біріншіден, скрининг сапасын арттырып, дертті ерте анықтауды формализмсіз жүргізу қажет. Екіншіден, медициналық қызмет көрсету деңгейі жоғары болуы тиіс. Үшіншіден, халықпен тұрақты әрі тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру маңызды. Сонымен қатар бақылау қатаң болуы керек. Бөлінген қаражаттың қалай жұмсалғанын және тұрғындардың нақты қандай нәтиже алғанын көріп отыруымыз қажет. Өйткені Үкіметтің қаржысы - халықтың ақшасы", - деді Премьер-министрдің орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін жаңа қуаттарды генерациялау мәселелері бойынша жиын өткізді
Қазіргі жұмыс жүргізіліп жатқан нысандарды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен жабуға және Қазақстанды энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығаруға мүмкіндік береді. 2029 жылға қарай электр энергиясының да, реттеу қуатының да тұрақты профицитіне қол жеткізілмек, бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға жағдай туғызады", - деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.
Президент энергетикада тиісті динамика жоқ екенін бірнеше мәрте айтып келеді. Сондықтан, барлықтарыңыз барынша күш жұмылдыруларыңыз керек. Барлық жоспарланған жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Ешқандай үзілістер, ығысулар болмауы керек. Министр, "Самұрық-Энерго" және KEGOC басшылары, сіздер әрбір нысан үшін тікелей жауаптысыздар. Сіздердің жұмыс орындарыңыз - кабинеттерде емес, құрылыс алаңдарында", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Самұрық-Энерго" АҚ-ның жобалар портфелінде 2035 жылға дейін жаңа қуаттарды іске қосу жоспары 7,4 ГВт-ты құрайды. Негізгі жобалардың қатарында 2026 жылдың қазан айында іске қосылатын Алматы ЖЭО-2-ны жаңғырту, сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-2 стансасын 2028 жылдың қазан айында 3-ші блогын және 2030 жылдың қазан айында 4-ші блогын іске қоса отырып, кеңейту және реконструкциялау жұмыстары бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті
Денсаулық сақтау саласы өзара тығыз байланыста жұмыс істейтін біртұтас жүйе болуға тиіс. Алғашқы медициналық көмек, профилактика, ауруларды ерте анықтау және көрсетілетін қызметтің сапасы бір жүйе ретінде жұмыс істегенде ғана нәтиже болады. Сондықтан өңірдегі басшылардың жауапкершілігі мен медициналық ұйымдардың жұмысына тұрақты бақылау ерекше маңызды", - деді вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қанат Бозымбаев өңірлерде "Ауыл аманаты" жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді
Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-мен бірлесіп, "Ауыл аманаты" жобасы аясында кепілдік беру тетіктерін әзірлеу және тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу міндеттелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде
Бүгінгі таңда осы салада 24 мемлекеттік көрсетілетін қызмет қолжетімді, барлығы да - онлайн форматта. 2025 жылы көрсетілетін қызметтердің 95%-ы онлайн орындалды, бұл дегеніміз цифрлық арналарға тұрақты көшкендігін растайды. Мемлекет басшысының су секторын цифрландыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде негізгі жоба - Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі жүзеге асырылуда. Ақпараттық жүйе электрондық үкімет, ведомствоаралық интеграция және ақпараттық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес әзірленеді. Қазіргі кезде базалық функциялар жүзеге асырылып жатыр, аналитика мен болжау функциялары енгізілуде. 11 мемлекеттік ақпараттық жүйені интеграциялау есебінен суды басқарудың бірыңғай цифрлық кеңістігі қалыптасады, бұл деректердің дұрыстығын арттыратын болады. Перспективалық жобалардың тағы бірі ол - электрондық шарттар жасасу және су тұтынуды болжау жүйесі. Қазіргі таңда бұл жүйе пилоттық режимде жұмыс істейді, ал өнеркәсіптік пайдалануға беру осы жылдың соңына дейін деп жоспарлануда. Азаматтарға пайдалану ыңғайлы болу үшін Egov mobile, екінші деңгейлі және 1С банктермен интеграциялауды жоспарлап отырмыз. Осы жылы 103 суару каналын автоматтандыру басталады. Оңтүстік өңірлерде - Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында - бекітпелерді басқару көзделген. Ислам даму банкінің қолдауымен тағы 264 каналды цифрландыру жоспарлануда", - деп атап өтті Жаслан Мәдиев.
Сондай-ақ AgriTech Hub - 2017 жылдан бастап ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын басқаруға арналған спутниктік деректер, Big Data және AI негізінде цифрлық шешімдерді әзірлейтін стартапты атап өткім келеді. Оның миссиясы - аграрлық сектор үшін тұрақты шешім құруға арналған заманауи талдау әдістерін болжамды модельдермен біріктіру арқылы табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және тәуекелдерді азайтуға көмектесетін аналитикалық деректерді ұсыну. 2025 жылы жобаларды 2 ел қамтыды: бірі Өзбекстан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Түркістан және Жамбыл облыстарының жүзеге асырылған жобалары. Биыл жоба Қазақстанның барлық аумағын қамти отырып, кеңейіп келеді. 2026 жылға Орталық Азияда (Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан) қызметтерді кеңейту, трансшекаралық су ресурстарының спутниктік деректерімен алмасудың халықаралық платформасын іске қосу, сондай-ақ Big Data және MLшешімдерді дамыту жоспарлануда", - деп атап өтті Жаслан Мәдиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.01.2026, 17:42Страсбургте Қазақстанның негізгі халықаралық бастамалары таныстырылды 19.01.2026, 14:47 7106Каталония Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік танытуда19.01.2026, 18:56 6831Қазақстан мен Испания энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады19.01.2026, 15:04 6611Қазақстан Венада өткен "Түркі апталығына" қатысты19.01.2026, 19:53 6376Қазақстан мен "Orascom Investment Holding" стратегиялық инвестициялық ынтымақтастықты талқылады
13.01.2026, 20:35 157696Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде13.01.2026, 19:16 156806Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады14.01.2026, 08:57 155911Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді14.01.2026, 09:13 155651Қанат Бозымбаев өңірлерде "Ауыл аманаты" жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді14.01.2026, 10:47 155391Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті
06.01.2026, 20:48 200046Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі07.01.2026, 09:29 179031Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 178941Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады13.01.2026, 20:35 157696Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде13.01.2026, 19:16 156806Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

