15.09.2023, 17:55 65366

Елімізде кейбір санаттағы отандастарымыз үшін пойыз билеттеріне жеңілдік жасалу жоспарлануда

Жолаушылар "Алтын" және "Күміс" жеңілдік карталарын қолдана отырып, жеңілдік мөлшерін 55%-ке дейін арттыра алады

Жолаушылар тасымалы" АҚ күз айларында бірнеше бағыт бойынша пойыз билеттеріне жеңілдік жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметі.


Жолаушылар тасымалы" АҚ биыл 18 қыркүйектен 26 қазанға дейін және 6 қарашадан 7 желтоқсанға дейін үш теміржол бағыты бойынша Тальго пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізеді", - делінген хабарламада.


Қазақстандықтар мына пойыздарға арзан билет сатып ала алады:

№ 79/80 "Астана - Арқалық" - билет құнынан 20% жеңілдік;

№81/82 "Астана - Қостанай" - 30%;

№65/66 "Астана - Жезқазған" - 40%.

Билеттерді жеңілдікпен ресми www.bilet.railways.kz сайтынан және "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

Сондай-ақ, жолаушылар "Алтын" және "Күміс" жеңілдік карталарын қолдана отырып, жеңілдік мөлшерін 55%-ке дейін арттыра алады.

Жеңілдік туралы қосымша ақпаратты тегін 1433 нөмірі және "ktzh_pp_bot" телеграмм-боты арқылы білуге болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны