- Біріншісі - мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру.
- Екіншісі - тасымалдардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді реинжиниринг жасау.
- Үшіншісі - инновациялық экожүйе құру және цифрлық технологияларды енгізу.
- Төртіншісі - жолаушыларды OneWeb және Starlink спутниктік интернетімен қамтамасыз ету.
- Бесіншісі - транзиттік тасымалдарды онлайн бақылау жүйесін енгізу жұмыстарын іске асырып жатқанын жеткізді.
2024 жылы салада 5 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді болды. Олардың барлығы электронды форматта көрсетілді. Биыл аталған тізілім "Қауіпсіздік сертификатын беру" атты жаңа қызмет түрімен толықтырылды. Бір жыл ішінде 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 99%-ы онлайн форматта ұсынылған. Министрлік салаға реинжиниринг жүргізді. Оның мақсаты - саланы цифрлық түрлендіру және тасымалдардың тиімділігін арттыру", - деп түсіндірді министр.
- магистралды желінің цифрлық қосарланған моделі;
- тасымалдарды жоспарлау үшін жасанды интеллект;
- вагон нөмірлерін бейне арқылы тану және "Вагон/жүк орнын анықтау" қызметі;
- келу/кету фактісін анықтау үшін GPS-трекерлерден деректерді автоматты түрде қабылдау жүйесіне жіберу;
- вагон нөмірін тіркеу арқылы тоқтау уақытын автоматты есептеу жүйелерін енгізу қажет.
Аталған шешімдер қадам санын 45%, ал бизнес-рөлдерді 35% қысқартады. Басқару оңай әрі ашық болады. Astana Hub-та тасымал және инфрақұрылым саласындағы стартаптар дамып келеді. Олар жүктерді бақылау сервистерін, келісім-шарт жұмыстарын басқару жүйелерін, тасымалдарды автоматтандыру және вагон паркін басқару платформаларын жасауда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың табысы 4,5 млрд теңгеден асты, сондай-ақ 400-ден астам жұмыс орны құрылды", - деп мәлімдеді ол.
- жүктеу жоспарларын автоматты түрде жасау;
- жасанды интеллектіні қолдана отырып, тасымалдардың оңтайлы бағыттарын құру;
- вагондарды интерактивті картада бақылау;
- оқиғалар мен тәуекелдер туралы хабарлама жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.
OneWeb спутниктеріне бейімделген мультимедиялық қызметтер жабдығы қолданылды. Пилоттық жоба №3/4 (Астана - Алматы) және №67/68 (Астана - Өскемен) Talgo пойыздарында жүзеге асырылды. Деректерді беру жылдамдығы - 100 Мбит/с. Сонымен қатар "Астана - Бурабай" бағыты бойынша жүретін пойызда Starlink қолданылған пилоттық жоба іске қосылды. Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін Министрлік оны кең ауқымда тарату мәселесін қарастырады", - деп атап өтті спикер.
Қазіргі уақытта жүйе киберқауіпсіздік бойынша тестілеуден өтті. Мемлекеттік кірістер комитетінің жүйелерімен интеграция аяқталу үстінде. Бірінші кезеңде жүйе Қазақстанның жеті сыртқы шекарасындағы жалпы жүк ағынының шамамен 6%-ын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл шешім "жалған транзит" схемаларын болдырмауға көмектеседі. Сондай-ақ бүгінде навигациялық пломбаларды сатып алу және жалға алу жұмыстары жүргізілуде", - деп түйіндеді сөзін Жаслан Мәдиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

