03.09.2025, 16:51 9871

Ерболат Садырбаев ТЖ вице-министрі болып тағайындалды

Ерболат Садырбаев ТЖ вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерболат Алтынбекұлы Садырбаев төтенше жағдайлар вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Әр жылдары ҚР Президенті іс басқармасы басшысының кеңесшісі, Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің орынбасары, ҚР өңірлік даму министрінің кеңесшісі, Алматы қалалық сотының Кеңсе меңгерушісінің орынбасары, "Самрұқ-Қазына" Қорының Әлеуметтік өзара әрекеттесу және комуникациялар орталығының басшысының орынбасары, "Қазпошта" АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры, ҚР Президенті іс басқармасы Мемлекеттік дирекция директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны