15.08.2025, 15:17 51441

Ерік Байжүнісов ҰҚДО басқармасының басшысы болып тағайындалды

Ерік Байжүнісов ҰҚДО басқармасының басшысы болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бүгін, 2025 жылғы 13 тамызда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы болып Ерік Әбенұлы Байжүнісов тағайындалды.

Ерік Әбенұлы 1965 жылғы 26 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары медициналық білімі бар (Алматы мемлекеттік медицина институты, 1988 ж.), философия докторы (PhDr) дәрежесіне және іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие. Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Жалпы еңбек өтілі - шамамен 35 жыл, оның 11 жылдан астамы мемлекеттік қызметте.

Ерік Әбенұлы дәрігер-хирургтен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне дейінгі жолдан өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларында, Денсаулық сақтау министрлігінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде басшылық қызметтер атқарды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығын, сондай-ақ Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығын басқарған.

Қызмет жолында "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен, "Құрмет" медалімен, "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен, сондай-ақ II дәрежелі "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны