16.03.2022, 17:30 21911

Есеп комитетінің орнына ҚР Жоғары аудиторлық палатасы құрылады

ҚР Парламентінің өкілеттігі күшейтіледі.

НҰР-СҰЛТАН. 16 НАУРЫЗ - Есеп комитетінің орнына ҚР Жоғары аудиторлық палатасы құрылады. Мұндай ұсынысты Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында республикалық бюджетке бақылауды күшейту мақсатында Парламенттің өкілеттігі күшейтілетінін айтты.

Осы орайда Президент Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды. Оның төрағасы Мәжіліс депутаттары алдында жылына екі рет есеп беруге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны