20.06.2023, 14:01 15831

Германия Қазақстанның ЕО-дағы негізгі серіктестерінің бірі - Тоқаев

Германияның Орталық Азия елдерімен сыртқы саудасының 80%-дан астамы Қазақстанның үлесіне тиеді
Германия Қазақстанның ЕО-дағы негізгі серіктестерінің бірі - Тоқаев
Сурет: telegram/Аqorda
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы Германия Президенті бастап келген неміс делагациясына ілтипат білдіре отырып, Франк-Вальтер Штайнмайердің мемлекеттік сапары Қазақстан мен Германия арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға жол ашатынын атап өтті.

Сіздің сапарыңызды асыға күттік. Бұл сапар Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпін беру үшін өте маңызды. Германия - Қазақстанның Еуропалық Одақтағы негізгі серіктестерінің бірі. Түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Өзара ынтымақтастығымызға, халықаралық ұйымдардағы іс-әрекетімізге, сондай-ақ геосаяси жағдайға қатысты көптеген мәселе бойынша егжей-тегжейлі әрі ашық пікір алмастық", - деді Қазақстан Президенті.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны