29.11.2022, 13:36 22486

ІІМ қай жағдайда ҚР азаматтығынан айыратынын айтты

ІІМ қай жағдайда ҚР азаматтығынан айыратынын айтты
Қос азаматтық фактілеріне ден қою тетіктері қатаңдатылуда
 
Астана. 29 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов көші-қон саясаты тұжырымдамасын қарау бойынша Үкімет отырысында Қазақстан азаматтығынан айрылу жағдайлары туралы айтты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
Тұжырымдаманың тағы бір бағыты - азаматтық заңнамасын жетілдіру.
 

Біріншіден, Қазақстанның азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді, тарихымыз бен Конституциямызды қарапайым деңгейде білу міндетті болмақ. Екіншіден, қос азаматтық фактілеріне жауаптылықты қатаңдату көзделуде", - деді ІІМ басшысы.

 
Егер Қазақстан азаматының жеке басын растайтын құжаттар алғаннан кейін қандай да бір адам басқа елдің азаматтығын растайтын құжатты пайдаланса, көші-қон қызметі ол адамды біздің азаматтықтан айырады.
 

Сонымен бірге егер адам азаматтықты алғаннан кейін алты ай ішінде бұрынғы елдің азаматтығын тоқтатқаны туралы анықтама ұсынбаса, ондай адамдарға да қатысты азаматтықты жоямыз. Қазір мұндай шаралар заңдарда қарастырылмаған", - деді М. Ахметжанов.

 
Үкімет ҚР-ның 2023-2027 жылдарға арналған Көші-қон саясатының тұжырымдамасын бекітті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны