08.11.2012, 14:08 3135

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі КО аясында көмір саласының нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуде

"Ағымдағы жылы Кедендік одақ аясында көмір саласының нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу және отандық көмір өнімдерін БЭК пен ТМД сыртқы нарықтарына шығару үшін 14 мемлекетаралық стандарт әзірленді", - деді И.Исекешев.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Отандық көмір өндірісі Кеден одағының аясында Біртұтас экономикалық кеңістік пен ТМД сыртқы нарықтарына шығуы үшін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі аталмыш саланың нормативтік-құқықтық базасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия жәрне жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев VIII Республикалық энергетиктер кеңесінде сөйлеген сөзінде.

"Ағымдағы жылы Кедендік одақ аясында көмір саласының нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу және отандық көмір өнімдерін БЭК пен ТМД сыртқы нарықтарына шығару үшін 14 мемлекетаралық стандарт әзірленді", - деді И.Исекешев.

Министр сондай-ақ, стандарттармен қоса Кеден одағының "Көмір және одан өңделетін өнімдер" регламенті жасалғанын атап көрсетті.

И.Исекешевтің айтуынша, индустрияның заманауи талаптарына сәйкестендіру үшін 3 жылдың ішінде көмір саласына қатысты 42 мемлекетаралық стандартты қабылдау жоспарланып отыр.

Министр сондай-ақ, қазіргі таңда бүкіл энергетикалық саланың нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу жұмысы белсенді жүріп жатқанын айтып өтті. Атап айтқанда, ағымдағы жылы 30 нормативтік-құқықтық акті мен 48 нормативтік-техникалық құжатты дайындау және оларды қабылдау жоспарлануда. 2014 жылға дейін 269 нормативтік-құқықтық акті әзірленбек.

Оған қоса, энергия үнемдеу туралы заң бекітілді және Энергетиканы дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен жаңартылатын энергия қуатын өндіретін нысандардың құрылысын ынталандыруды қарастыратын заң қабылданғалы отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада "Қазақстанның электр энергетикасының жағдайы және оны кешенді дамытудың ұзақмерзімдік перспективасы" тақырыбына арналған VIII Республикалық энергетиктер кеңесі өтуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны