15.04.2009, 18:55 2963

Қаржы полициясы есепшоттардан 1,4 млрд теңге ұрлаған "БТА Банк" қызметкерлерін құрықтады

Қаржы полициясы есепшоттардан 1,4 млрд теңге ұрлаған "БТА Банк" қызметкерлерін құрықтады

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы есепшоттардан 1,4 млрд теңге ұрлаған бір қызметкерлерін құрықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Агенттік болып жатқан оқиғадан бейхабар 24 жеке тұлғаның атына 24 пластикалық карточканы ымырыласа отырып заңсыз жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-қызметін әшкереледі. Қылмыстық топтың мүшелері- банк қызметкерлері болған", - деді М. Жұманбай.

Оның ақпаратына сәйкес, "қылмыстық ниетпен жасалған карточкаларға 1,4 млрд теңге көлеміндегі ақша аударылған. Бұл ақшаның 395 млн теңгесін қылмыскерлер Астана, Алматы, Талдықорған және Қарағандыда банкоматтардан алған. Қылмыстық іс-әрекеттер әшкереленген соң қалған ақшаға банк тыйым салды. Қазіргі жағдаймен қылмыстық топты ұйымдастырушы құрықталды", - деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сәуірдің басында Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) тергеу департаменті бірқатар азаматтарға, соның ішінде "БТА Банк" АҚ қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 177-бабының 3-тармағының "б" тармақшасымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған.

Қаржы полициясының анықтағанындай, банк қызметкерлері анықталмаған тұлғалармен топтасып "БТА Банктің" банкоматтары арқылы ірі көлемде ақша жымқырған.

Атап айтсақ, Қарағанды облысының аумағында орналасқан банкоматтардан 64 713 000 теңгені, Талдықорған қаласында орналасқан банкоматтардан 1 200 000 теңгені, Астана қаласында орналасқан банкоматтардан 67 820 000 теңгені, Алматы қаласында орналасқан банкоматтардан 272 392 912 теңгені жымқырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны