28.08.2009, 13:30 3291

Қазақстан президенті Астанада "Абу Даби Плаза" кешені құрылысының іргетасына капсула қалау рәсіміне қатысты

Қазақстан президенті Астанада "Абу Даби Плаза" кешені құрылысының іргетасына капсула қалау рәсіміне қатысты

Астана. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы көп құрылымды "Абу Даби Плаза" кешені құрылысының іргетасына капсула қалау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Осы нысан әлемдегі ең биік 14 ғимараттың бірі ретінде қарастырылып отыр. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар осы өңірдегі ең сәулетті үлкен ғимарат болады. "Абу Даби Плаза" кешені Астананың көркін келтіретін көркем сәулетті кешен. Сондықтан ол өте маңызды ірі жобалардың санатына жатқызылып отыр", деді Елбасы.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметіне қарағанда "Абу Даби Плаза" жобасы бойынша нысанның биіктігі 382 метр болатын 88 қабатты құрайды. Аталған кешенде жоғары және орта сыныптағы 450 пәтер мен 2 қонақ үй салынатын болады.

Сондай-ақ онда жалпы ауданы 80 мың шаршыметрден тұратын кеңселік орынжайлардың құрылысы қарастырылған. Оның аумағында 4,5 мың автокөліктерге арналған тұрақ орналасады. Жобаның құны 1 млрд АҚШ долларынан астам қаржыға бағаланып отыр. Нысанның бірінші кезеңінің құрылысын 2013 жылдың қыркүйегінде тапсыру жоспарланып отыр. Ал екінші кезегі 2014 жылдың аяғына қарай пайдалануға берілмек.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің үкіметі мен Біріккен Араб Имірліктері арасында аталған кешеннің құрылысы бойынша келісім бекітілді. Жобаны "Алдар ЕуроАзия" ЖШС-і жүзеге асырады. Оның жұмысына Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы жобасының авторы британдық сәулетші Норман Фостердің бюросы тартылып отыр.

Мемлекет басшысы 7 шілдеде "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Имірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Абу Даби Плаза кешенінің құрылысына қатысты келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.

Заң жобасы Абу Даби Плаза кешенінің құрылысын салуды іске асыруға бағытталған салық салу саласындағы преференциялар жүйесін қолдану, валюталық реттеу, кедендік ресімдеу визалық қамтамасыз ету және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудегі мәселелерін реттейді.

Сондай-ақ Келісімде Біріккен Араб Имірліктері Үкіметінің Қазақстан Үкіметінен осы Келісімнің Қазақстан заңнамасына сәйкес ратификациялағаны туралы ресми хабарлама алған күні оның күшіне енетін күнін білдіретіні көзделген.

Абу Даби Плаза кешенін салу мемлекет басшысының 2008 жылғы 11 шілдедегі № 62-10.23 тапсырмасында атап көрсетілген инвестициялық жобалардың бірі болып табылады. Жобаны іске асыру жалпы сомасы 1,8 миллиард АҚШ доллары болатын инвестицияларды тартуды көздейді. Жобаны аяқтау мерзімі - 2014 жыл.

Заң жобасын қабылдаудың әлеуметтік нәтижелері Қазақстан астанасында өзінің сәулет шешімі жағынан бірегей кешендердің бірінің пайда болуын жатқызуға болады, ол 8 мұнарадан тұрады, мұнаралардың ең биігі - 88 қабат, ол өзінің биіктігі жөнінен әлемдегі 14-ші нысан болып табылады. Абу Даби Плаза кешені "люкс" сыныбындағы тұрғын үй және офистік үй-жайлардың пайда болуын қамтамасыз етуі тиіс, ол өз кезегінде, аталған кешенге тұрғын үй және бизнес нысаны ретінде Астана тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын туғызуға, сондай-ақ капитал салу үшін инвесторларды ынталандыруға жәрдемдесетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны