09.09.2017, 19:28 3343

Қазақстан Президенті Түркия Республикасыныӊ Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті

- Бүгінде елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллар шамасында. Ирине, бұл жеткіліксіз. Біз келіскендей, мақсатымыз - тауар айналымын 5 миллиард долларға жеткізу. Түркия мен Қазақстанныӊ әлеуеті оған жеткілікті, - деді Түркия Республикасыныӊ басшысы.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Түркия Республикасыныӊ Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайип Ердоғанға Қазақстанға ресми сапармен келгені үшін шынайы ризашылығын білдірді.

- Қанша кездессек те көптік етпейді. Қазіргі заманныӊ өзі қиындап тұр. Жиі кездесіп, көп ақылдасу керек. 25-26 жыл ішінде Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас достық әрі бауырластық бағытта дамып келеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Түркия Президентініӊ Қазақстанға жасаған бұдан бұрынғы сапары кезінде экономика саласына қатысты бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.

- Қабылданған келісімдер аясында көп жұмыс атқарылуда, көптеген жобалар іске асырылды. Өӊірлік сипаттағы проблемалар бізде де, Түркияда да бар. Бүгінгі кездесуіміз сол мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президентіне биылғы 10 қыркүйекте Астанада өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға ниет білдіргені үшін алғыс айтты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы биылғы 14 қыркүйекте елордамызда Сириядағы қарулы қақтығысты реттеу жөніндегі Астана келіссөздерініӊ алтыншы раунды өтетініне назар аударды.

Түркия Республикасыныӊ Президенті Қазақстанға сапармен келуге шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді.

- Астанаға келгеніме қуаныштымын. Мен алғаш рет Қазақстанды Алматы қаласына барған сапарымда танып-білдім. Енді жаӊа қалаға, жаӊа елордаға келіп отырмын, Қазақстанды өз үйімдей көремін, - деді Р.Ердоған.

Түркия Президенті өз елініӊ Қазақстанмен саяси, экономикалық, мәдени, әскери қатынастарды дамытуға күш салып жатқанын атап өтті.

- Бүгінде елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллар шамасында. Ирине, бұл жеткіліксіз. Біз келіскендей, мақсатымыз - тауар айналымын 5 миллиард долларға жеткізу. Түркия мен Қазақстанныӊ әлеуеті оған жеткілікті, - деді Түркия Республикасыныӊ басшысы.

Сондай-ақ Р.Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевқа өӊірлік проблемаларды шешуге бағытталған бітімгершілік қызметі үшін ерекше алғысын білдірді.

Түркия Президенті биылғы 14 қыркүйекте Астанада өтетін Сириядағы жағдайға қатысты кездесудіӊ маӊыздылығына тоқталып, оныӊ Женева келіссөздеріне оӊ ықпал ететініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны