17.06.2008, 14:59 2855

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің қазіргі бар кадрлық резерв жүйесі таратылады - Назарбаев

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің қазіргі бар кадрлық резерв жүйесі таратылады - Назарбаев

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мемлекеттік қызметтің қазіргі бар кадрлық резерв жүйесі таратылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Елдің бәсекелестік қабілетін көтерудегі мемлекеттік қызметтің ролі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекеттік қызметтің қазіргі бар кадрлық резерв жүйесі таратылады, себебі ол өзін-өзі ақтамады, онымен шектелмей, ол тіпті мемлекеттік қызметке заңды тәртіппен тағайындаудан кері шегінудің тетігіне айналды", - деді президент.

Н. Назарбаевтың айтуынша, "бүгінде жетекшіге артықша ұнайтын, басшыға адалдығымен артықша сенімге ие болғандар көп жағдайда тағайындалады. Біз мұндай жолмен мемлекеттік қызметті ешқашан жақсарта алмаймыз", -деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметтің ара жігін айқын ажырату қажеттігін атап өтті. Н. Назарбаевтың атап көрсеткеніндей, әкімшілік мемлекеттік қызмет жаңа модель бойынша екі басты корпустан құралады. Бірінші корпусты ол шартты түрде "А корпусы" деп атауды ұсынды. Бұл кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің корпусы, олар билеуші саяси партия ойластырған мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асырумен айналысады. "А корпусына" жауапты хатшылар, мемлекеттік холдингтердің, ұлттық компаниялардың басшылары, сондай-ақ, атқарушы билік органдарының өзекті департаменттерінің директорлары, комитет төрағалары, аудандар мен қалалардың әкімдері кіреді. Барлық қалған әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер екінші "Б корпусына" кіреді деді президент.

"Ирбір алдыңғы корпус келесі корпус үшін ішкі кадрлық резерв болуы керек. Бірақ бір корпустан екіншісіне өту қатаң регламенттеліп, обьективті әрі ашық түрде қаралуға тиіс", - деді президент. "Сөйтіп, кез-келген әкімшілік мемлекеттік қызметкер А корпусына өту үшін іріктеуге қатысуға өтініш бере алады. А корпусы ұдайы жаңаланып отырады. Ал қызметкердің кем дегенде 4-5 жылдық тиісті еңбек өтілі болуы керек", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны