16.07.2014, 22:42 2838

Қазғарыш басшысы Farnborough Airshow-2014 халықаралық аэроғарыш салонына қатысты

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев 14-16 маусым аралығында жұмыс сапарымен Ұлыбританияға барды. Сапар аясында ол авиация және ғарыш индустриясы саласындағы бірегей маңызды шара "Farnborough Airshow-2014" халықаралық авиашоуға қатысты.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев 14-16 маусым аралығында жұмыс сапарымен Ұлыбританияға барды. Сапар аясында ол авиация және ғарыш индустриясы саласындағы бірегей маңызды шара "Farnborough Airshow-2014" халықаралық авиашоуға қатысты.

Сонымен, Қазғарыш басшысы жұмыс сапары аясында Ұлыбританияның ғарыш агенттігінің басшысы Дэвид Паркермен, "Академик М.Ф. Решетнёв атындағы ақпараттық жерсеріктік жүйе" ААҚ-ның бас директоры Николай Тестоедовпен кездесті. Онда тараптар ғарыштық аппараттарды жасақтаудағы ынтымақтастық болашағын талқылады.

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінен хабарлағандай, Farnborough Airshow - 2014 халықаралық авиашоу барысында "Суховтың азаматтық ұшақтары" ЖАҚ мен "BEK AIR" қазақстандық авиакомпания өзара келісімге отырды.

Келісім аясында "BEK AIR" жеті Sukhoi Superjet 100 ұшақтарын жеткізу қарастырылған және SSJ100 ұшақтары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың авиациалық нарығына жол ашылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны