29.08.2025, 10:34 61601

Кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтуымыз керек — Президент

Кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтуымыз керек — Президент
Сурет: Depositphotos
Бүгін — Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті, деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

Оның сөзінше, Қазақстан халқы атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауы тиіс.

— Бүгін — Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік — бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар, — деп жазды Мемлекет басшысы.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны