08.09.2025, 13:53 40821

Үкімет "Digital Qazaqstan" атты біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлейді

Үкімет "Digital Qazaqstan" атты біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлейді
Сурет: Depositphotos
Елімізде суперкомпьютердің іске қосылуы - зор жетістік. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Inform.kz.

-Мен жариялаған міндеттер Қазақстанның одан әрі қарқынды дамуы үшін айрықша маңызды. Олар елімізді цифрлық жаңғырту ісімен тығыз сабақтасып жатыр. Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады. Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры осы болуға тиіс. Әрине, елімізде суперкомпьютердің іске қосылуы- зор жетістік. Бірақ мұны Үкімет те, бүкіл қоғам даҚазақстанды, шын мәнінде, цифрлық мемлекетке айналдыратын жан-жақты және қарқынды жұмыстың бастауы ретінде қабылдауға тиіс. Осы міндетті тиімді орындау үшін Үкімет цифрландыру ісі мен жасанды интеллектіні дамытуға арналған "Digital Qazaqstan" атты біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлейді,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзіне қарағанда, онда бастамалар мен жобалардың бәрі жалпыұлттық стратегия аясында біріктірілетін болады.

-Түптеп келгенде, еліміздің түбегейлі цифрлық жаңғыруын халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бастайтын жол дей аламыз,- деді Мемлекет басшысы.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны