28.08.2025, 11:06 71626

Үкімет президент тапсырмаларын орындау аясында 2030 жылға дейінгі ҚР өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті

Үкімет президент тапсырмаларын орындау аясында 2030 жылға дейінгі ҚР өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті
Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру және өңірлердің тұрақты әрі теңгерімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков құжат халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және макроөңірлер мен дамудың басты бағыттары негізінде өңірлердің экономикалық әлеуетін ашуға бағытталғанын атап өтті. Бұл - агломерациялар, моноқалалар, тіреу ауылдар және жаңа Алатау қаласы.

Құжатта әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымына қол жеткізудегі теңсіздіктерді азайтуға ерекше көңіл бөлінеді.

Бүгінде Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес, елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейі 64%-ды құрады. Ал 2028 жылға қарай 70%-ға дейін өсу болжануда. Бұдан бөлек, 2030 жылға қарай елдегі жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнестің қосатын үлесі 40%-ға дейін жетпек", - деп атап өтті Бауыржан Омарбеков.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны